×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанадан Абу-Дабиге: Назарбаевтардың жаңа қонысы жайлы не білеміз

06.12.2023, 09:14
Астанадан Абу-Дабиге: Назарбаевтардың жаңа қонысы жайлы не білеміз
Коллаж: ulysmedia.kz.

Жақында Дубайда өткен климат жөніндегі конференцияда тек жаһандық ауа-райы мәселесі ғана айтылған жоқ. Сөз арасында Назарбаевтардың Әбу-Дабиге көшіп кеткенін білдім. Сол жерді таңдауы да заңдылық. Күн жылы, айнала қымбат дүниеге толы, достардың ыстық құшағы... Көшеде де жан-жағына жалтақтамай еркін жүре алады. Мұнда олармен ешкімнің шаруасы жоқ. Иә, отыз жыл бойы қойын-қонышы қаржыға толған елде қалу да қауіпсіз емес.

Арыз-шағымы таусылмайтын отандастарынан жыраққа кету қиынға соғады дейсіз бе – шуласа шулай берсін. Еліміздің басты әулеті ондай ұсақ-түйектерге мән беруге дағдыланған жоқ. Отыз жыл бойы бүкіл мемлекетті жалға алушыға айналдырса, олармен алысып несі бар?! Зауыттар, кен орындары, құбырлар, мектептер, университеттер, жер, таулар, бәрі-бәрі Назарбаевтардың игілігі үшін жұмыс істейтіні өтірік пе? Сондықтан да бұл әулеттің сәнді аралға қоныстанғанына таң қалмаңыз. Ұзын құлақ аралдың оларға лайықталып жабдықталғанын, қатаң күзеттен арнайы билет арқылы ғана өтуге болатынын айтады. 

Бұрынғы президенттің іші пыса бастады ма, әлде баларының алдында ұяты ояна бастады ма, әйтеуір соңғы кезде алыстан естеліктер жолдап, өзінің жеке өмірінің құпияларын аша бастады. Әрине, өзін жақында Елбасы деп атаған адамның «адалдығынан» хабардар қазақстандықтар ашықтықтың себептерін іздей жөнелді. Олар жуырда марқұм болған інісінің шексіз некелері туралы, оқушыларды рухани бағытта өмір сүріп, өзін-өзі тануға уақыт аямауға үгіттеген «ізгілік иесі» Сара Алпысқызы жайлы еске түсіре бастады. Жә, Назарбаевтардың әрқайсы жайлы көп нәрсе айтуға болады. 

Мемлекетті басқара жүріп сұлулық байқауларын да қадағалай алатын ақсақалдың тұсында халық зорлық-зомбылық пен зинақорлықтың апанына айналғандай. Себебі, қазір оларды тоқалдармен таң қалдыра алмайсың. Тіпті, шенеуніктердің әйелдері күйеулеріне тоқал алып беруге қарсы емес екенін көпшілік алдында мәлімдеді. Парламент депутаттары болса екіжүзділікті байыпты түрде ұсынған еді. Президенттің оңтүстікте де, солтүстікте де отбасы бар екен деп неге қалғандары азап шегуі керек?!

Осылайша ұлттың «көшбасшысына» айналған ол өз ережелері бойынша өмір сүрді. Туыстары мен шенеуніктердің тобырын қалыптастырып, қажеттілік туындаса заңдарды өз мақсаттарына қарай өзгертті. Заң былай тұрсын, Конституцияны да өз мақсатына пайдаланды.

Алматы облысындағы АХАЖ қызметкерлері біздің мақаланы оқыған жағдайда Назарбаевтардың төлқұжаттарындағы мөртабандар үшін жауапқа тартыламыз ба тартылмаймыз ба деп елең етер. Бірақ «мәжбүрледі, Назарбаевтармен байланысу қауіпті болды» деп ақталатыны сөзсіз.