×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Тарифті тағы неге алмастырамыз немесе Қазақстан энергетикасы қашан еңсе тіктейді

02.11.2023, 14:22
Тарифті тағы неге алмастырамыз немесе Қазақстан энергетикасы қашан еңсе тіктейді
Коллаж: ulysmedia.kz.

Әдетте әділдік, жауапкершілік және ашықтық жайлы күнделікті өмірде көп айтылғанымен, шын мәнінде ұрандар бізде ұран, сөз күйінде қалатын сәттер аз емес. Мәселен, жақында Энергетика министрі Сәтқалиев баспасөз мәслихатын өткізді. Бір қарағанда, Энергетика министрлігінің басшысы баспасөзге жақсы мақсатпен - саладағы жағдайды түсіндіріп, ұлттық компаниялардың перспективалы жобалары жайлы айту үшін шыққан сияқтанған. Алайда жауабы жоқ сұрақтар көбеймесе азаймады. Ulysmedia.kz тілшісі осы ретте министр қандай сұрақтарды жауапсыз қалдырғанын саралап көрді.

Нені неге алмастырамыз

Сұрақтардың бірі жаңа әрі ескі "инвестицияның орнына тариф" бағдарламасына қатысты болды. Бұл - энергетиктер мен тұтынушылар арасында консенсус табудың екінші мәрте әрекеті. Бірінші бағдарлама 2010 жылдан 2015 жылға дейін өткенімен, аса сәтті болмады. Тарифтер көтерілгенімен энергия шығындары азайған жоқ. Екібастұз бен Риддердегі төтенше жағдайдан кейін бұл мәселе тағы да өзекті бола түсті. Энергетика құрдымға кетіп бара жатқаны мойындалғаннан кейін ғана тарифті емін-еркін жіберіп, инвестицияға алмастыру шаруасы қайта қаралды.

Сәтқалиев не жайлы ауыз ашпайды?

Сәтқалиевтің бұл жолғы алмастыру расында да көмектесетінін айтып, журналистерді көндіргісі келмеген, оның тетіктерін түсіндіргісі келмеген әрекеті ойландырмай қоймайды. Тариф саясаты құрдымға кеткен тұста дәл осы министрдің Самұрық-Қазына мен Самұрық-Энерго басшылығында отырғанын еске алуға болады. KEGOC компаниясында да оның бірнеше жылдық тәжірибесі бар. Ендеше, неліктен электр энергиясынан хабары бар адам мемлекеттің негізгі салалық бағдарламалары жайлы қойылған сұрақты ысырып салды? Демек, қателіктер жағынан жұмыс жүргізілмеді, бағдарламаның өзектілігі зерттелмеді деген қорытындыға келуге болады. Міне, сол себепті Сәтқалиев тарифтерді инвестицияға алмастырудың жаңа да ескі түрінің басымдықтарын түсіндіре алмаған сыңайлы.

Алда жоспар көп

Баспасөз конференциясында талқыланған тағы бір маңызды тақырыптың бірі – Электр станциясы, дәлірек айтсақ, Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысы болды. Бұл - Энергетика министрлігінің тендері арқылы құрылысқа мердігер іздеген алғашқы электр станция. Іс жүзінде Энергетика министрлігі "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп іске асырылатын жобаға карт-бланш алған. Тендерді Оңтүстік Кореяның Doosan Heavy Construction компаниясы жеңіп алып, 15 жыл ішінде жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының 926,5 МВт электр қуаты көлеміне инвестициялардың кепілдендірілген қайтарымы түрінде преференцияларға ие болды. Қолдау шараларының қатарына отынның үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету, сыртқы газ және электр желілік инфрақұрылым салу шаралары жатады.

Жобаның маңызы мен құнына қарамастан, тендердің аяқ астынан өткізілгені сұрақ туғызады. Жалпы жобаның шарттары мен құнын жария талқылау болмаған.

Сәтқалиевтің түсіндіруінше, Doosan компаниясының басты басымдығы – халықаралық тәжірибесі барында. Десе де Қазақстанның да, әлемнің де деңгейінде шетелдік компаниялардың жемқорлық дауларына ілігіп жататынын жақсы білеміз. Сол себепті халықаралық тасымалдаушы мәртебесі жобаның түпкі нәтижесіне кепілдік бере алмайды.

Барымыз Siemens

Siemens компаниясы тарапынан негізгі жабдықты тікелей жеткізу сценарийін елемеу де сұрақ туғызады. Бұл компания жылдар бойы Қазақстан нарығында жұмыс істеп келеді. Іс жүзінде жобаның тараптарының бірі бола алады. Серіктестік бюджеттің тікелей шығындарын төмендетуі әбден мүмкін. Сонымен қатар Siemens-тің жобалық шешімдерді де, қаржыландыруды да ұсынуда тәжірибесі бар. Самұрық-Қазына тарапынан осы келіссөздер жүргізілді ме? Бір қызығы, Энергетика министрі бұл туралы не ойлайды:

  • неліктен жоба Doosan компаниясы арқылы Siemens жабдықтарын сатып алуды қарастырады;
  • Siemens-пен жабдықтың бағасы бойынша келіссөздер жүргізілді ме;
  • ЕРС серіктесін таңдауда ашық конкурс өткізілді ме;
  • неліктен жобаның қаржылық моделінің ашықтығы жоқ;
  • Оңтүстік Корея компаниясы қандай жеңілдіктер мен төлемдер алады.

Салық төлеушілер қоғамдық әл-ауқатқа әсер ететін жоба туралы ақпаратқа ие болуы керек қой. Келісесіз бе, Сатқалиев мырза?

Кешегі күн ертеңге жеткізбейді

Егер Энергетика министрлігінің қазіргі басқарушыларының бұрынғы еңбегі туралы айтар болсақ, Балқаштағы жойылған ЖЭС жобасын айналып өте алмаймыз. Сондай-ақ, мемлекеттік қазынадан қомақты сомалар ЭГРЭС-2 кеңейту және жаңғырту бойынша іске асырылмаған жобаларға және тарифтердің айтарлықтай өсуіне алып келген KEGOC-тағы сәтсіз валюталық қарыздарға кетті.

Тұтастай алғанда, уәкілетті орган басшысының жауаптары мемлекет басшысының тапсырмаларына қарамастан, электр энергетикасы саласы іс жүзінде бірқатар сәтсіз мемлекеттік бағдарламаға толы әрі ескі Қазақстан басшыларының сенімсіз қолында қала ма деген ойға жетелейді. 

Әлде, Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігі осы жобаларға назар аударуы мүмкін бе? Олар стратегиялық салада болып жатқан оқиғаларға баға беріп, Қазақстан экономикасына келтірілген залалға экономикалық талдау жасауы тиіс. Осыдан кейін шешуші саланы осындай күйге келтірген шешім қабылдаған менеджерлердің өзіне қатысты шешім қабылдануы мүмкін.