×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Агробанк құру қажет пе?

28.11.2023, 11:25
Агробанк құру қажет пе?
Коллаж Ulysmedia

Шағын шаруашылықтар несие үлестіретін ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметіне жиі шағым айтады. Осы ретте, шаруалар тарапынан қаржылық проблемалар бір орталықта шешілетіндей агробанк құру ұсынысы түсуде. Бұл түйткілді түпкілікті шеше алады ма? Ulysmedia.kz. тілшісі мәселеге үңіліп көрді.

Отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін жеңілдетілген қаржыландыру мен суб­­сидияға қол жеткізу мәселесі өте өзекті болып отыр. Мұны депуттар да, қоғам белсенділері де жиі айтып, Үкіметке өз ұсыныстарын жолдауда.

Жасыратыны жоқ, «Аграрлық несие корпорациясы», «ҚазАгроҚаржы» сияқты квазимемлекеттік қаржы инс­титуттары арқылы берілетін кредиттің көлемі өте аз. Фермерлердің бүгінгі қажеттілігі – кем дегенде 2 трлн теңге. Елімізді аграр­лық державаға айналдырамыз десек, бұл қажеттілік 5 трлн болады. Ал атал­ған қаржы институттары арқы­лы бері­летін кредит оның оннан бір бөлігі­не де жетпейді. Толыққанды банк бол­мағандықтан, олар қосымша кіріс көзін аша алмайды. Сондықтан әкімшілік шы­­ғын­дарын, жұмыскерлерінің алатын жал­а­қысын, жинайтын провизиясын өздері шаруаларға берген кредиттің үстемеақысына қоспағанда не істейді?

Екіншіден, жеке банктердің аграр­лық саланы қаржыландыруға ынтасы өте төмен. Статистикаға сүйенсек, олардың кәсіпкерлікке берген кредиттерінің 97%-ы құрылыс, сауда сияқты салалар­ды қамтиды. Шынын айту керек, банктер ауыл шаруашылығын менсінбейді. Бі­рақ аудандарда филиалдарын ашып, фермерлердің есепшотын жүргізіп, комиссиялық пайда табудан, депозит жи­наудан қашпайды.

Мамандардың айтуынша, қазір фермерлер кредит алу үшін 35-ке жуық құжат жинауға мәжбүр. Шалғай ауылдардағы шаруалар қай мекемеге барып ақша алатынын да білмей, жаңылысып жатады.

– Агробанк құрылса, ауыл кәсіпкерлерінің бәрі сол жерде есепшотын ашып, жұмыс істейді. Сол шоттардағы ақша айналымын көріп отырған агробанк оларға сеніммен қарап, кепілдік бойынша талаптарын жеңілдетіп, несие бере алады. Қай жағынан қарасақ та, агробанк құру өте тиімді. «Аграрлық несие корпорациясы», «ҚазАгроҚаржы» және басқа қаржы институттарының басын біріктіріп, мемлекеттен жыл сайын бөлініп жатқан қаржыны бір жерге топтастырып, мем­лекеттің қатысуымен агробанк ашуды ұсынамыз. Еліміз аграрлық дер­жаваға айналуы үшін ең алдымен өзінің дербес аграрлық банкін құруы тиіс, – дейді депутаттар.

Халықаралық тəжі­рибеге зер салсақ, Беларусьте «Белаг­ро­промбанк», Қытайда «Agrocu­ltura Bank of China», Өзбекстанда «Агро­банк», Ресейде «Россельхозбанк», Францияда «Credit Agricoi», басқа ел­дерде де аграрлық банктер бар.

Биыл еліміз­дің Ауыл шаруашылығы министрлігі агробанк ашу жөніндегі ұсынысты қол­дағанымен, өзге мүдделі мемлекеттік орган­дардың кейбірінің қарсылық білдіруіне байланысты бұл мәселені шеше алмағанын мәлімдеген еді. Агробанк құрыла ма, жоқ па? Уақыт – төреші.

Оралхан ҚОЖАНОВ