×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Транзит, инвестиция, ресурстар: еліміздің газ саласында қандай жаңалықтар бар?

28.12.2023, 14:30

Биыл бірқатар жобаның аяқталғаны, соның ішінде Маңғыстау облысындағы «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырының екінші желісінің іске қосылғаны белгілі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жалпы ахуал

Қазақстан газ саласында биыл жасалған жұмыстардың қорытындысын шығарды. QazaqGaz ұлттық компаниясы қазақстандық түрлі жобаға өз қаражатынан 400 миллиард теңгеден астам инвестиция салғаны белгілі болды.

Алғаш рет

Компания басшылығының айтуынша, үкіметтің, Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен газ саласында ауқымды реформалар жүргізілді. Компания өз қаражатына газ тасымалдау жүйесін жаңартып, жүйелі инфрақұрылымдық жобаларды салды. Жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін береді. Мәселен, «Самұрық-Қазына» қорына 27 млрд теңге көлемінде дивиденд төлеген. Бұл бірінші рет болып отыр», - делінген хабарламада.

Маңғыстаудағы жобалар

Маңғыстау облысындағы ұзындығы 308 шақырымды құрайтын «Бейнеу-Жаңаөзен» газ құбырының екінші желісінің іске қосылуы қазір жер-жерде айтылып жатыр. Құрылыс облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында жүргізілді.

Жоба елді мекендерді, ірі өнеркәсіптік нысандарды, сондай-ақ жылу және электр энергиясын өндіретін Маңғыстау облысының бас энергетикалық кәсіпорны – «МАЭК» ЖШС-ін тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Газ құбыры екінші желісінің өткізу қабілеті жылына 5,8 млрд текше метрді құрайды. Бұған дейін «Окарем-Бейнеу» газ құбыры осы бағыт бойынша 3 миллиард текше метрден сәл асатын көлемді қамтамасыз етті. Екі газ құбырының жалпы өткізу қабілеті жылына шамамен 9 миллиард текше метрге жетеді. 

Сондай-ақ өңірде Құрық ауылынан Сарша елдімекеніне және «Жылы жағажай» курорттық аймағына газ құбыры іске қосылды, бұл бес демалыс орнын газдандыруға және Каспий теңізі жағалауындағы болашақ туристік және ойын-сауық нысандарын газбен қамтуға мүмкіндік береді. Және жақында Аймақтағы тұщыту зауыты да газға қосылады. 

Атырау облысы

Биыл «Мақат–Солтүстік Кавказ» магистральдық газ құбырының қосалқы құрылысын (құбырдың магистральға параллель төселген, оның өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін учаскесі немесе мұны лупинг деп те атайды) аяқталды. Жобаны іске асыруға 86 млрд теңге жұмсалды. Жобаның арқасында облыстың барлық абоненті, соның ішінде Атырау арнайы экономикалық аймағының резиденті болып есептелетін «Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» де газбен қамтамасыз етіледі. 

«Жобаның мақсаты – ең алдымен, Атырау облысының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нығайту. Сонымен қатар халықты газбен қамту. Ал ол өз кезегінде халықтың әлеуметтік және еңбек жағдайының жақсаруына әкеледі. Жоба ірі өнеркәсіптік тұтынушылардың газға көшуіне де ықпал етеді», - деді QazaqGaz басқарма төрағасы Санжар Жаркешов. 

Елді газдандыру

2022-2023 жылдары 628 мың адам тұратын 412 елді мекенге көгілдір отын келді. QazaqGaz халықты газдандыру деңгейін 2030 жылға қарай 65 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. (2022 жылғы 59% көрсеткіштен).

«Бүгінде 11 млн 700 мың адам үйінде газ пайдаланады, 85 400 жаңа абонент көгілдір отынға қосылды, абоненттердің жалпы саны 2 млн. 409 мың бірліктен асты.    Газ құбырларының ұзындығы 3757 шақырымға артып, жалпы ұзындығы 67 мың 474 шақырымға жетті. 

Техникалық шарттарды алу жолы да жеңілдетілді. Енді өтінімді үйден шықпай-ақ, онлайн беруге болады. Ол үшін eGov.kz порталына ЭЦП арқылы кіру қажет», - делінген хабарламада.

Астана

2023 жылы Астанада 2 мыңнан астам абонент газға қосылған. Елордада газ тартқан абоненттердің жалпы саны 10 мыңнан астам. Бүгінде Астана қаласын газдандыру жобасының 1 және 2 кезеңдері іске асырылып, соның аясында «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3, «Оңтүстік-Шығыс» және «Тұран» газ қазандықтарын табиғи газға қосты. 

Сонымен қатар биыл елорданың сол жағалауындағы жоғары қысымды газ құбырына көгілдір отын сәтті жеткізілді, бұл тұтынушыларды газбен тұрақты қамтамасыз етеді. Аталған жобалардың барлығы жылумен жабдықтау тапшылығын жоюға және Астананың экологиясын айтарлықтай жақсартуға септігін тигізеді. 

Осы мақсатта 2022-2023 жж. магистральдық газ құбырлары жүйелеріндегі 2,6 мыңнан астам ақаулар жойылып, газ тасымалдау жүйесінің қауіпсіздігі бағытындағы жұмыстар жетілдірілді. 

Цифрландыру

QazaqGaz қолданыстағы желілерді жаңғырту және жаңаларын салу бойынша жұмысты жалғастыруда. Атап айтқанда, пайдаланушы тәжірибесін цифрландыруға көп көңіл бөлінеді: 2023 жылдың қазан айынан бастап қазақстандықтар eGov.kz порталындағы онлайн сервис арқылы үйлері мен басқа да нысандарын газдандыруға техникалық шарттарды ала алады. 

2023 жылы QazaqGaz цифрландыру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі Presight компаниясымен (G42) газ саласының цифрлық трансформациясы жөнінде ынтымақтаса жұмыс істеуге келісті. Бұл болашақта газды есепке алу, тиімді басқаруды қамтамасыз ету, сондай-ақ газ саласының ашықтығын арттыру үшін пайдалы болмақ. 

Баға саясаты және ресурстық база

QazaqGaz жаңа барлау жобалары арқылы газ ресурстық базасын кеңейтуді жалғастыруда. Сонымен қатар, газ саласындағы баға реформасы аясында жер қойнауын пайдаланушылардан газдың жаңа қорын сатып алудың ынталандырушы баға формуласы бекітілді.

Қазақстанда газдың орташа сатып алу бағасы 1 мың текше метр үшін шамамен 40-50 долларды құрайды, бірақ жаңа формула компанияларға газды 110-120 долларға сатуға мүмкіндік береді. Бұл газ кен орындарын барлау мен игеруге инвестиция тартатыны анық. 

Газ-шикізат базасын дамыту шетелдік серіктестермен де ынтымақтастық арқылы жүзеге асады. Мәселен, 2023 жылы Қытайдың Geo-Jade Petroleum Corporation компаниясымен Придорожное және Придорожное Южное кен орындарын бірлесіп игеру туралы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, қытайлық компания кен орнын игеруге толықтай қаржы бөледі. Жобалау жұмыстары 2024 жылы басталады. 

«Біз елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту үшін барлық шараларды қолданып жатырмыз. Сондықтан QazaqGaz Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесе отырып, саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін газ саласында ауқымды реформалар жүргізіп жатыр, сонымен қатар газ кен орындарын игеруде салаға инвесторларды тартуда», - деп түсіндірді Санжар Жаркешов.

Жаңа кен орны

2023 жылдың төртінші тоқсанында Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында жаңа Анабай газ кен орны пайдалануға берілді. «QazaqGaz» барлау және өндіру» компаниясы (QazaqGaz еншілес кәсіпорны) кен орнын игеріп, бұрғыланған 3 ұңғыманы қайта іске қосты және Анабай-Жарқұм газ құбырын жүргізді.  

«QazaqGaz өзінің ресурстық базасын кеңейту бойынша белсенді жұмыс жасауда. Тауарлық газ көлемін ұлғайту бойынша компания қабылдаған жол картасының жобасында бірнеше газ кен орындарын, соның ішінде жаңа Анабай кен орнын іске қосу қарастырылған. Сонымен қатар QazaqGaz жаңа аумақтарда геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге келісім-шарттар алу үшін жұмыстанып жатыр», - деді Жаркешов.

2028 жылы өндірістік қуаты 44 миллион текше метрге жетеді деп жоспарланып отыр.

Газ транзиті

2023 жылы Қазақстан аумағы арқылы ресейлік газды Өзбекстанға тасымалдау басталды.

Бұл ұзындығы 823 шақырымды құрайтын «Орталық Азия – Орталық» газ құбыры құрылысының рекордтық уақытта, яғни 3,5 айдың ішінде аяқталуымен байланысты. 

Сонымен қатар, PetroChina International компаниясымен 2023-2026 жылдарға арналған жаңа экспорттық келісімшартқа қол қойылды, бұл екі жаққа да тиімді келісім. Осы арқылы  қазақстандық газды Қытайға экспорттау жөніндегі ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бар.  

Еске салайық, 2023 жылы QazaqGaz басшысы Қытаймен жаңа экспорттық келісімшарттың талаптары мен перспективаларына қатысты Қытай Ұлттық мұнай корпорациясы (CNPC) және PetroChina International басшылығымен бірқатар келіссөз жүргізді.

Осы мақсаттарға жету үшін 12 даму бағыты мен 50-ден астам жобадан тұратын QazaqGaz кешенді стратегиясы әзірленді. Ұлттық компания отандық газ саласы үшін жас мамандарды даярлауға ерекше көңіл бөлуде. 

QazaqGaz upstream, downstream және midstream блоктарында  жаңа жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр, осы мақсатқа салынған инвестиция көлемі 3 триллион теңгеден асады. 

Олардың қатарында газ ресурстық базасын кеңейту, трансферттік қаржыландыру арқылы инвестор есебінен геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырының екінші желісінің өткізу қабілетін арттыру, сұйытылған табиғи газ өндіретін зауыттар салу және Қазақстанның автомагистральдерінде көлікке газ құю станцияларының желісін қалыптастыру секілді іргелі жобалар бар.

Халықаралық рейтингтер

2023 жылы Morningstar Sustainalytics халықаралық рейтингтік агенттігі QazaqGaz компаниялар тобының жаһандық деңгейдегі тұрақтылығын алғаш рет бағалады. ESG 19,2 рейтингін алған QazaqGaz өзінің газ саласындағы көшбасшылық орнын тек ұлттық деңгейде ғана емес, жаһандық деңгейде де дәлелдеді. Бұл рейтинг компанияның әлемдік нарыққа шығуға бағытталған даму стратегиясындағы басты қадамы болды және Initial Public Offering (IPO( перспективаларын дамытуға оң әсерін тигізді.  

Газға арналған ЖЭО

«Интергаз Орталық Азия» АҚ (QazaqGaz еншілес кәсіпорны) Алматы жылу электр станцияларын газға көшіру үшін газ инфрақұрылымын дайындаудың екінші кезеңін жүзеге асыруға кірісті.  Оның аясында ұзындығы 62,4 шақырымды құрайтын Алматы-Байсерке-Талғар газ құбырының екінші желісінің құрылысы басталды. Бұл жоба 2-ЖЭО және 3-ЖЭО-ға табиғи газды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ газ құбырының тоқтап қалуына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алады. 

Сонымен қатар, газ құбыры Алматы қаласын Талғар автоматтандырылған газ тарату стансасы (АГТС) арқылы толық көлемде газбен қамтуға  және газ тарату станцияларына қосылған желілерге газ беруді тоқтатпай, желіде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. 

2023 жылы Алматы энергетикалық кешенінің газ инфрақұрылымын салудың бірінші кезеңі аясында АГРС-тің іске қосылуы және Алматы-Байсерке-Талғар және Қазақстан-Қытай газ құбырлары арасындағы TIP-04 -тің ашылу рәсімі өтті. 3-АГРС үшіншіЖЭО-ын табиғи газбен қамтамасыз етуге арналған.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен басталған Алматы жылу электр стансаларының газ инфрақұрылымын дайындаудың бірінші кезеңі мерзімінен бұрын аяқталды. Оның үстіне, біз екінші кезеңді – Алматы-Байсерке-Талғар газ құбырының екінші желісін салуды бастадық», – деді Санжар Жаркешов.

Серіктес жаңалықтары