×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Bloomberg: Мұнай арзандаса, Ресейдің қоры таусылады

17.01.2024, 16:15
Bloomberg: Мұнай арзандаса, Ресейдің қоры таусылады
сурет ашық дереккөзден

Мұнай арзандап, баррелі 60 доллардан төмен түссе, Ресей ұлттық әл-ауқат қорындағы ақша да екі жылда таусылады. Блумберг осындай хабар таратты. Ulysmedia.kz бұл ақпараттың анық-қанығын зерттеп көрді. 

Бюджеттің түбі көріне бастады

Солтүстіктегі көршіміз бюджетті үнемдеу үшін қорғаныс өнеркәсібінің шығындарын қысқартып, салықты көтеруі керек. Әйтпесе бюджет тапшылығы бір-екі жылда байқалып қалады. Тығырықтан шығудың екінші жолы үкімет мемлекеттік компаниялардағы үлесті сату және инфляцияны жеделдету – осы екеуінің бірін таңдауы тиіс. Әйткенмен билік ондай қадамға бара қоюы екіталай.  

Былтыр жыл соңында Ресей мұнайдың бір баррелін орташа есеппен 66 доллардан сатты. Одан көп пайда таппаса да, біраз шығынын жапты. Енді ұлттық әл-ауқат қорындағы қаражат азаймас үшін бір баррель кемінде 73 долларға саудалануы қажет дейді сарапшылар. Әлемдік нарықта қара алтын бағасының арзандай бастағанын ескерсек, санкция күшейген уақытта оның мүмкін емес екені айдан анық.

Реалистік пайым

Күзде Ресейдің Есеп палатасы алдағы үш жылға арналған бюджет туралы есебінде ресейлік мұнай бағасы барреліне 60 долларға жетпей қалуы мүмкін екенін айтқан. Ресейде қазір бюджеттік ережеге бірқатар жаңа өзгерістер енгізілгенін айта кеткен жөн. Өзгеріске сәйкес, мұнайдың бір баррелі 60 доллардан артық бағаға сатылса, үстіндегі айырмашылық Ұлттық әл-ауқат қорына аударылады. Сонымен қатар, Есеп палатасының аудиторлары үкіметтің тұтынушылық сұраныстың өсуіне қатысты болжамын тым оптимистік деп санайды. Ресейдің қазіргідей қысылтаяң шағында оптимистік көзқарастан реалистік пайым дұрысырақ болар еді. Мүмкін Есеп комитетінің аудиторлары осыны меңзеген шығар. Сонымен бірге мемлекеттік қарыз мөлшері федерацияның  денсаулық сақтау мен білім беруге жұмсайтын шығындарынан асып кетуі ықтимал. Бұл, әрине, оптимистік емес, реалистік пайым.

              Бюджеттік ереженің жаңа редакциясында базалық баға ретінде белгіленген мұнай бағасының барреліне 60 долларға жетпей қалу қаупі бар. Бұл ақпаратпен жете танысып шыққан Forbes-тің мәлімет бойынша, Ресейдің Қаржы министрлігі 2024 жылы мұнай бағасына негізделген дәстүрлі бюджеттік ережеге қайта оралады. Бюджет саясатындағы осындай өзгерістер не үшін қажет болды? Осыдан екі жыл бұрын жаңа әскери кампания бастаған Ресей қазір тығырыққа тірелген сыңайлы. Халықтың қамы қазынаны толтырудың әуре-сарсаңынан аса алмаса, ол көрші елдің өз саясаты. Дегенмен мұнай сияқты халықаралық нарықта маңызды ресурсы бар елдің алдағы қадамы әлем назарында болмақ.