×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Рамазан айында рұқсат етілген және тыйым салынған амалдар жайлы не білеміз

13.03.2024, 09:05
Коллаж: Ulysmedia

Барша мұсылман қауымы көптен күткен мерекелердің бірі – Рамазан айы да келіп жетті. Ulysmedia.kz оразаны қалай дұрыс ұстау керек, бұл күндері не істеген абзал және неден тыйылған жөн екенін тәптіштеп түсіндіріп береді. 

Тарихына тоқталсақ

Рамазан айы қазақ арасында Ораза айы деп те аталады. Құранда ораза ұстау керектігі жайлы айтылған.

Рамазан – ислам күнтізбесіндегі тоғызыншы ай, ол ай цикліне негізделген. Ол айдың шығуынан басталып, айдың көрінетін фазаларына байланысты 29 немесе 30 күнге созылады.

Биыл ораза 11 наурызда басталып, 9 сәуірге дейін жалғасады.

Ауыз бекіту

Басқа діндерден айырмашылығы, Исламда ауыз бекіту шарттары қатаң сақталады. Негізгі тыйым - күндізгі уақытта тамақ пен су ішуден тыйылу керек. Яғни, сәресінен бастап ауызашарға дейін дәм татып алмауыңыз керек.

Сәресі (Сухур) - таңғы ас. Ол таң қылаң берген уақытқа дейін рұқсат етілген. Сәресіде берекет бар, ол үшін Алла сауап жазады.

Ауызашар (Ифтар) – ораза күнінің тағам ішер негізгі уақыты. Кешкі асты ақшам намазынан кейін, күн көкжиектен төмен түскенде ішу керек.

Таңғы және түнгі мәзірге қатысты қатаң нұсқаулар жоқ, бірақ ораза тұтушылар үшін пайдалы кеңестер бар. Сәресі кезінде дұрыс тамақтанған абзал, өйткені күнұзақ ашқұрсақ жүргенде, оразаңызды бұзып алмауыңыз керек. Мәзірде жарма, салаттар, кептірілген жемістер, нан және құрмалар болса, құба-құп. 

Таңғы ас кезінде ақуызға бай тағамдарға, ашытылған сүт өнімдеріне, жеңіл таңғы асқа артықшылық беру керек. Әл-ауқаттың нашарлауына жол бермеу және шөлдететін тағамдар, тәттілер мен дәмдеуіштерді көбірек пайдаланбаған жөн. Сәресін ішу таң намазына 10 минут қалғанда тоқтатылады.

Ауызашар кезінде суды қанып ішу ағзаға аса қажет. Өйткені күнұзақ сусыз жүресіз.  Дәстүр бойынша, Рамазанда ауызашар уақыты нағыз мереке саналады және дастарханға ең жақсы тағамдарды: жемістер мен тоқаштарды қою әдетке айналған. Бұл ретте, әрине, артық жеуге болмайды. Майлы және қуырылған тағамдардан бас тартқан жөн.

Күн батқаннан кейін ауыз ашу үшін су ішу немесе құрма жеу керек. Содан кейін ақшам намазы оқылады. 

Бұған дейін сәресі мен ауызашар уақыттары дәстүрлі түрде мешітте жарияланатын. Енді оны теледидардан, интернеттен, тіпті ұялы телефондардағы қосымшалардан көруге болады.

Рамазанда не істеуге болмайды

Рамазан айында, ең алдымен, тамақ пен судан тыйылу керек. Мұсылмандарға күндізгі уақытта тыйым салынатын, орындалмаған жағдайда Ораза қабыл болмайтын тағы да бірқатар дүниелер бар:

1) темекі тарту, оның ішінде кальян немесе шылым шегу;

2) аузыңызға түкірікі жинап, жұту;

3) саусақ тығып, құсуды әдейі қолдан жасау;

4) инъекциялар (соның ішінде вакцинация), мұрын және құлаққа дәрі тамызу, дәрі-дәрмек қабылдау;

5) жүзу (ауызға су кіруі мүмкін);

6) сүйісу;

7) тіс тазалау кезінде суды жұту;

8) қан тапсыру;

9) жыныстық қарым-қатынас (сәресінен ауызашар уақытқа дейінгі аралықта);

10) эндоскопиялық зерттеу, клизма;

11) етеккір кезі.

Оразада рұқсат етілген нәрселер:

жүзу (ауызға су кірмесе);

сүю (бірақ әріге кетпеу);

Мисуакпен тістеріңізді тазалауға болады;

сілекей жұту;

қан тапсыру.

Ауыз бекітуден кімдер босатылады

Ораза ұстаудан жүкті және бала емізетін әйелдер, балиғат жасқа толмағандар, қарттар мен науқастар босатылады. Науқас санатына асқазанында жарасы барларды, жүрегі ауыратындарды, сонымен қатар психикалық ауытқулары бар адамдарды жатқызамыз. Ұзақ жолға шыққан жолаушылар да Рамазан айында ауыз бекітуден босатылады. 

Байқаусызда, аңдамай тамақ не су ішіп қою оразаны бұзбайды. Айталық, жаңбыр жауып тұрып, сіз су жұтып қойсаңыз, одан оразаңыз бұзылмайды.
Егер ауыз бекіту денсаулығыңызға кері әсер етсе, онда Ораза ұстамағаныңыз жөн.

- балалар;

- қарттар мен ораза ұстауға мүмкіндігі жоқ адамдар;

- әйелдер етеккір кезінде немесе босанғаннан кейін. 

Олардың барлығы оразаны уақытша тоқтатады, бірақ өткізіп алған күндерді басқа уақытта ұстап, қарызыңызды өтейсіз.

Оразаға қалай дайындалу керек

Рамазан - ұстамдылыққа, шыдамдылыққа және өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін қасиетті ай. Бұл айда мұсылмандар іс-әрекеттерін ойланып істеуге, отыз тістен шыққан сөзін бағып, артық сөзді тыюға, рухани қасиеттерін жақсартуға тырысады.

Рамазан - жақын адамдармен араласып, қарым-қатынасты нығайта түсетін уақыт.

Рамазан айында ораза ұстау мүміннің осы қасиетті айда ораза ұстауға деген ниет етуінен басталады. Бұл оразаның ниеті деп аталады.

Мұсылмандық құлшылықтың рухани амалдары мен рәсімдері әдетте Алла разылығы үшін орындау ниетінен басталатындықтан, Исламда ниет маңызды рөл атқарады. Бұл оразаның алғы шарты болып есептеледі. Адам ораза ұстау ниетін, қалауына қарай, іштей немесе дауыстап айтуы да мүмкін.

Рамазан – рухани тазару, нәпсіні тыю, Аллаға жақындау уақыты. Бұл ай әрбір мұсылманның өміріндегі жанашырлықтың, қайырымдылықтың және рухани құндылықтардың молынан көрініс табатын айы.

Сондай-ақ бұл айда келеңсіз әрекеттерден, соның ішінде өтіріктен, жала жабудан, реніштен аулақ болу керек. Дегенмен, бұл постулаттар Рамазан айынан кейінгі уақытта да бұлжымас қағида болып қалуы шарт. 

Оразаның қаза күндерін қалай өтеуге болады

Мұсылмандар ауруға, ұзақ сапарға немесе әйелдерде етеккір циклінің басталуына байланысты бірнеше күн ораза ұстамауы мүмкін.
Ораза күндерінің қазасын Рамазаннан кейінгі Шәууәл айының екінші күнінен бастап келесі Рамазанға дейін өтеу керек.
Мұсылмандар Құрбан айт аяқталғаннан кейін бірден өткізіп алған күндердің қазасын өтей алады немесе келесі Рамазанға дейін бір-бір күн ораза ұстау арқылы өтей алады. 
Ораза қарыздарын, Ораза айттың үш күнін қоспағанда, жылдың кез келген мезгілінде өтеуге болады.

Рамазан айындағы тарауих

Ораза тек асқазанды шектеумен ғана болмауы керек, намазға және Құран оқуға ерекше көңіл бөлуі керек. Рамазан айында бес уақыт парыз намазымен қатар мұсылмандар ерекше құлшылық түрі – тарауих намазын оқиды. Тарауих Рамазан айы бойы құптан намазынан кейін жамағатпен оқылатын қосымша түнгі намаз.
Тарауих кезінде діндарлар мешіттерде немесе үйлерде жақындарымен бірге жиналады.

Тарауих араб тілінен аударғанда «тынығу» дегенді білдіреді. Яғни, әр төрт ракаттан кейін мүміндер отырып, Алла Тағаланы мадақтап, немесе имамның үгіт-насихаттарын тыңдайды. Тарауих намазы да Құран мазмұнын ой елегінен өткізу уақыты болып саналады.

Пітір садақа

Мұсылмандар үшін парыз садақалардың бірі – пітір садақасы. Бұл мұқтаж жандарға көмектесу, олардың да мерекеден қуаныш табуына арналған. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақасының мөлшерін елдегі екі келі ұнның орташа бағасы бойынша, яғни 640 теңге деңгейінде деп бекітті.

Фитр садақасын айт намазына дейін беру керек. Отағасы отбасының әрбір мүшесі, оның ішінде кәмелетке толмаған балалары үшін пітір садақасын беруі керек.

Мұсылмандар пітір садақасын әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына, адамдарға береді. Оны ата-анасына, жұбайына, бала-шағасына беруге болмайды. Сондай-ақ пітір садақасын ауқатты адамдарға немесе ата-анасы ауқатты балаларға беруге болмайды.

Сонымен қатар Рамазан айында мұсылмандарға пітір садақасынан бөлек, қайырымдылықпен де айналысу жағымды, сауапты іс болып саналады. Олар көршілері мен туыстарына, аз қамтылған отбасыларына белсенді түрде көмектесе алады. Босқындарға, табиғи апаттан зардап шеккендерге және қолдауды қажет ететіндерге көмек көрсету де қайырымдылыққа жатады. 

Ораза айт – Рамазан айының соңы

Рамазан айының аяқталуы мұсылмандардың екінші маңызды мерекесі – Ораза айт мерекесімен ұштасып кетеді. 

Ораза айтты тойлау Мұхаммед пайғамбар заманынан бері, 624 жылдан бастау алады.

Айт-намаздан кейін қатаң шектеулер алынып, сүйікті тағамдарыңызды дастарханға қойып, бұл мерекені жақындарыңызбен атап өте аласыз. 
Бұл күні мұсылмандар мешітте мерекелік намаз – Айт намазын оқиды. Намаздан соң мерекелік ас беріліп, кедей-кепшіктерге садақа таратылады.
Ораза айт биыл 10 сәуірге сәйкес келеді.

Әркім өзі шешеді

Рамазан айында ауыз бекітудің өзіндік ерекшеліктері бар:

- Ораза мұсылмандарға өз уақытын реттеуге және өзін-өзі бақылауға көмектеседі.

- Ораза денсаулықты жақсартуға көмектеседі, өйткені бұл уақытта дене токсиндер мен зиянды заттардан тазартылады.

- Ораза мұсылмандардың рухани және діни тұрғыда кемелденуіне көмектеседі, өйткені олар намазға және Құран оқуға көбірек уақыт бөледі.

Ораза сонымен қатар мұсылмандардың аштық пен шөлді бастан кешірген кедейлер мен мұқтаждарға мейірімді болуына көмектеседі.

Сонымен бірге:

- Созылмалы ауруы бар адамдарға немесе жүкті әйелдерге ораза ұстау қиын болуы мүмкін.

- Кейбір адамдар ораза кезінде тамақ пен судың жетіспеушілігінен шаршау мен әлсіздікті сезінуі мүмкін.

- Күндіз жұмыс істейтін немесе оқитын адамдар үшін ораза ұстау қиын болуы мүмкін, өйткені олар тамақ пен су ішуден тыйылады.

- Кейбір адамдар ас-ауқат пен сусын ішуден тыйылған кезде стресс пен мазасыздықты сезінуі мүмкін.

Есіңізде болсын, ораза ұстау өзгенің алдында мақтану үшін емес, өз дініңіз бен денсаулығыңыз үшін қажет. Ораза ұстайсыз ба, ұстамайсыз ба, ол әр адамның жеке мәселесі әрі өзіндік көзқарасы.

Бұған дейін дәрігерлер оразада қалай тамақтанған дұрыс болатынын айтып, кеңес берген болатын.  

Серіктес жаңалықтары