×
520.91
544.25
5.29
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.91
544.25
5.29

Жеңіл несиенің тұзағы: Ресей Қазақстанда салатын жылу орталықтарын меншігіне алмақ па

Бүгін, 13:53
Жеңіл несиенің тұзағы: Ресей Қазақстанда салатын жылу орталықтарын меншігіне алмақ па
Ulysmedia коллажы

2024 жылдың желтоқсанында үкімет энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған жаңа ұлттық жобаны бекітті. Жобада Көкшетау, Семей және Өскемен қаласында жылу электр орталығы салынатыны жазылған. Сонымен қатар, құжатта үш нысанның құрылысына шамамен триллион теңге "бюджеттен тыс қаражатты" тарту жоспарланып отыр. Орталықтар іске қосылғаннан кейін Қазақстанның меншігі болып қала ма? Ulysmedia.kz бұл мақалада осы мәселеге назар аударып көрді.

ЕЛДЕ ИНВЕСТОР “ЖОҚ” БОЛЫП ШЫҚТЫ   

2023 жылдың басында энергетика министрлігі Көкшетауда жылу электр орталығын (ЖЭО) салу үшін екі рет инвестор табуға тырысты. Инвестордан жалпы шығындардың шамамен үштен бірін, яғни кемі 70 млрд теңге салу талап етілген. Алайда бұл жобаға қатысқысы келетін отандық олигархтар табыла қойған жоқ. Рас, қытай және түрік компаниялары “қызығушылық танытты” деген ақпарат болды, бірақ одан әріге бармады. Ақыры, Қазақстанның энергетика нарығына Ресей кірді. Бір емес, ресейлік компания бірден Көкшетау, Семей және Өскеменде үш ЖЭО салатыны белгілі болды.

2023 жылдың күзінде Қазақстан мен Ресейдің энергетика министрліктері арасында осы ЖЭО-ларды салу туралы меморандумға қол қойылды. Содан кейін ресейлік "ИНТЕР РАО-Экспорт" компаниясы ("Интер РАО" еншілес компаниясы) осы ЖЭО-ны салу үшін жеңілдетілген қаржыландыруды, технологиялар мен жабдықтарды ұсынуға дайын екені айтылды. Орталықтарды басқа мердігерлер салады, бірақ кімдер екені әлі белгісіз.

РЕСЕЙ ҚАНША ПАЙДА ТАБАДЫ

Үш ЖЭО салу туралы мәжіліс ратификациялаған түпкілікті келісімде ресейлік тарап жеңілдетілген, субсидияланған несие беретіні айтылған. Құрылысқа тапсырыс беруші, сондай-ақ қарыз алушы – өзіміздің "Самұрық-Қазына". Бірақ несие сомасы, мерзімі, сондай-ақ пайыздық мөлшерлемесі құжатта көрсетілмеген. Үкіметте де мәміленің егжей-тегжейі айтылмайды. Алайда энергетика министрлігінің өкілі мемлекеттік телеарнаның эфирінде сөйлеген сөзінде ставка "10% аспайтынын" атап өтті. Сондықтан, ұлттық жобада көрсетілген үш ЖЭО құнының жалпы сомасын ескере отырып, несие жылына 90-100 млрд теңгені құрайды деп болжауға болады. Егер, әрине, Қазақстан жобаға ақшамен, мысалы, Ұлттық қордан алынған траншпен инвестиция салмаса, бұл бюджет қаражаты болып саналмайды.

РЕСЕЙ ТАБЫС ҮЛЕСІНДЕ ҚАЛА МА

Келісімнің логикасы бойынша, ЖЭО құрылысы аяқталып, іске қосылғаннан кейін "Интер РАО " құрылыстан және технологиялар мен жабдықтарды сатудан ақша табады.

Бұл ЖЭО-ны одан әрі пайдалану үшін "Көкшетау ЖЭО", "Семей Энерго" және "Өскемен Энерго" деген үш компания құрылғанын растайтын сияқты. Ол компанияларда "Самұрық-Қазына" және "Самұрық-Энерго" тең үлестен иеленеді. Мұнай-газ саласындағы сарапшы Нұрлан Жұмағұлов "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-ның жобаларға қатысу үлесі" өзінің еншілес компаниясына берілуі мүмкін деп болжайды:

Кейіннен бұл үлестер ресейлік "Интер РАО"-мен бірлесіп үш ЖЭО салумен айналысатын "Самұрық-Энерго" балансына беріледі. Ресей тарапы жеңілдетілген қаржыландыру мен технологияларды/жабдықтарды ұсынады. "Самұрық-Энерго" салынған инвестицияларды табиғи монополияларды реттеу комитеті бекіткен тариф есебінен өтейді.

Сонымен қатар, 2024 жылдың ақпан айында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ресейліктер жобада ұзақ уақыт қалмайтынын айтты, бірақ:

Яғни, онда әртүрлі опциялар қарастырылады: жобаға қатысу және жай ғана ЕРС-келісімшарты бар. Бұл қазірдің өзінде "Интер РАО" мен "Самұрық-Энерго" арасындағы корпоративтік шарттардың мәні болып есептеледі. Бақылау пакеті, әрине, "Самұрық-Энерго " компаниясында, - деп те атап өтті.

Сондықтан, нәтижесінде ресейлік компания құрылыс аяқталғаннан кейін де жобада қалады дегенді жоққа шығаруға болмайды. Несие бойынша кепіл энергетика министрлігімен және электр энергиясын бірыңғай сатып алушысы – "Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығымен" энергетикалық қызметтерді сатып алу туралы инвестициялық келісімдер бойынша құқықтарды белгілейді.

«ИНТЕР РАО» ЖАЙЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Бұл – Ресейдің ірі энергетикалық холдингі. Қызмет саласы энергия объектілерін жобалау және салу, жылу және электр энергиясын өндіру және өткізумен айналысады. Холдинг Ресейден тыс бірқатар энергетикалық компанияны, соның ішінде жылу және су электр станцияларын, электр желілері мен энергетикалық сауда компанияларын бақылайды.

Қазақстанның энергетика нарығында бұрын да жұмыс істеген. 2003 жылдан бастап Екібастұз ГРЭС 2-де 50% үлеске ие болды. 2019 жылы "Самұрық-Қазынаға" өз үлесін 25 млн долларға сатты. Ол кеткеннен кейін ГРЭС-ті жаңғырту жұмыстары басталды, ол шаруа әлі де жалғасып жатыр.

2012 жылы "Интер РАО" кезінде қалпына келтіру жұмыстары басталған №1 энергоблок былтыр ғана іске қосылған. Кезекте тағы екі энергоблокты жаңғырту шаруасы тұр.  Бұл жоба бойынша консорциумды ресейлік компания - "Фирма ОРГРЭС" басқарады.