×
488.53
531.91
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.53
531.91
5.68

Қазақстандағы кедейлік, жұмыссыздық пен МӘМС Дүйсеновадан неге жеңілмей-ақ қойды

15.02.2025, 14:40
Қазақстандағы кедейлік, жұмыссыздық пен МӘМС Дүйсеновадан неге жеңілмей-ақ қойды
Ulysmedia коллажы

Президент тағы да Тамара Дүйсенованы Ақордадағы қызметке қайтарды. Ол енді президенттің көмекшісі. Көмекші деген қызмет мәселесі жетіп артылатын әлеуметтік саладағы вице-премьерлік сияқты емес – президентке барынша жақын әрі тыныш қызмет. Қазақстан Ақордадағы тағайындаулардың себебін түсіндірмейтініне үйреніп қалғаны бесенеден белгілі. Десе де, Дүйсенованың бұл қызметке неге барғанын Ulysmedia.kz осы мақалада зерттеп көруге тырысты.

ЫҚПАЛЫ ТӨМЕН ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР

Жаңа Қазақстанда мансабы 2019 жылға дейін және кейін деп бөлінетін ірі саясаткерлер баршылық. Тамара Босымбекқызы – солардың бірі. Оның саяси мансап жолы қандай болғанын  Ulysmedia.kz бұрын да жазған еді. Оның жұмысы қоғамда өте сезімтал әлеуметтік салаға тікелей қатысты. Мектептегі баладан бастап зейнеткерлерге дейін азаматтардың бәріне жауапты вице-премьердің соңғы лауазымының салмағы да өте ауыр еді. 

Ақпан айының басында "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы Олжас Бектенов басқаратын үкіметтің қызметіне саяси талдау жасаған. Министрлер кабинетіне жеке және мемлекеттік сектордың ондаған өкілі баға берген-тін.

Осы зерттеудің нәтижесі бойынша вице-премьерлердің ешқайсысы 5-тен жоғары ұпай алған жоқ. Бірақ Тамара Дүйсенова бүкіл секторға жетекшілік ететін вице-премьерлер арасында рейтингтің ең төменгі деңгейіне түсіп, ықпалы жағынан Қанат Бозымбаев, Мұрат Нұртілеу, Серік Жұманғарин және Роман Склярдан төмен болды.

ОЛ БАРҒАН САЛА РЕТТЕЛДІ МЕ

Тамара Дүйсенова Қазақстанның саяси элитасы "Стратегия" сынды басқа рейтиңдерінде де көшбасшы емес. Ол Тоқаев командасына оралғалы 2022 жылдан бері 9-шы қатардан жоғары көтерілмеді. Көбінесе оның рейтиңдегі орны 11-ден 18-ге дейін болды, беделі аз, ашықтығы мен тиімділігі төмен дегенді білдіреді.

Президент вице-премьер лауазымынан Алтай Көлгіновті алып тастап, Тамара Босымбекқызын тағайындаған еді.  Бір жарым жылдан сәл астам уақыт – 2023 жылдың маусымынан бастап Дүйсенова білім және ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, жұмыспен қамту, мәдениет және спорт, туризм, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету, мемлекеттік тіл, демографиялық және көші-қон саясатына жауапты болды.

Бұл әлеуметтік блокта, өкінішке қарай, ерекше мақтанарлық жетістіктер жоқ. Әрине, вице-премьердің қызмет ету мерзімін тым қысқа болғанымен мұны ақтауға болатын шығар. Бірақ шын мәнінде, олай да болмайды, өйткені медициналық сақтандыру мен әлеуметтік-экономикалық әл-ауқат мәселесі, халықты толғандыратын басты проблемалары Тамара Дүйсенова вице-премьер тұсында реттелмек түгілі, тіпті ушығып кетті. Бір жарым жыл ішінде Тамара Дүйсенова тарапынан МӘМС және әлеуметтік бағдарламаларға айтылатын сын-ескертпелерді ысырарлық бірде-бір бастамалар байқалмады.

Еске сала кетейік, 2018 жылы медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу шаруасы сәтсіз болғаннан кейін бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев Тамара Дүйсенованы орнынан тұрғызып, "Тамара, сен жұмыстан шаршадың ба" деп сұрағаны белгілі. Бұл видео әлі күнге дейін желілерде тарап жүр.

БӘРІН САНАЙДЫ

2023 жылы Дүйсенова бірнеше ай бойы еңбек министрі рөлін вице-премьерлікпен ұштастырған кезінде мемлекеттің тапсырмасымен қазақстандықтардың бәріне "е-балдан" беріле бастады. Яғни, БҰҰ-ның даму бағдарламаларының әдістемесі бойынша барлық отбасының әл-ауқатын бағалау, кірістің, жылжымайтын мүліктің және көліктің болғанына қарай бал қосып, отбасылар кәмелетке толмағандарға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға және басқа көрсеткіштерге байланысты іріктелді.

Барлығы бес санат бар. Қарасаңыз отбасылардың өмірге қанағаттанарлық деңгейі 53-54% құрайды, - деді Тамара Дүйсенова.

Айтпақшы, бұл әдісті сынағандар көп болды. Өйткені жұртшылықтың пікірінше, бұл жүйе әлеуметтік әл-ауқаттың нақты жағдайын бұрмалайды. Мысал ретінде екі пәтері мен көлігі бар, бірақ ресми табысы жоқ адамдар әлеуметтік осал адамдар қатарына еніп, жағдайы жоқтар отбасылар шетке ысырылып қалғаны келтірілді.

Ал Дүйсенова 2023 жылдың мамыр айында әрбір қазақстандық отбасы электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінде өзінің цифрлық мәртебесін көре алады деп уәде берді. Болжам бойынша, еңбек министрлігі СІМ-мен бірге бұл мәселені пысықтауы тиіс-тін. Бірақ функция әлі күнге дейін жұмыс істемейді.

2024 жылдың желтоқсанында еңбек министрі ОКҚ - да цифрлық картаның арқасында елімізде дағдарыстық және шұғыл деңгейдегі ең қолайсыз отбасылардың саны 15%-ға – 1,5 млн-нан 1,3 млн-ға дейін төмендегені туралы есеп берді. Бұл шамамен 5-тен 6 млн-ға дейін қазақстандықтар (біз 4 адамнан тұратын отбасын есептедік) өте қолайсыз жағдайда өмір сүріп, өзінің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын өз бетінше шеше алмайтынын білдіреді. Бір жыл бұрын Дүйсенова салыстырмалы түрде гүлденген деп аталған отбасылардың саны төменгі санаттарға ауысқаны белгісіз. Дәл осындай талдау мұқтаж жандарды әлеуметтік қолдау жүйесі жұмыс істеп тұрғанын немесе жұмыс істемейтінін нақты айтуға мүмкіндік береді. Бірақ негізгі әлеуметтік бөлім тек жалпы сандарды бөлісуді жөн көреді.

АУДАРЫП ТӨҢКЕРДІ

2024 жыл бойы бүкіл Қазақстан медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәселелерді айтып, гуілдеп-ақ тұр. Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұны президент те айтқан.

Бес жылдан бері елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде сала бюджеті екі есе өсті, 2024 жылы денсаулық сақтауға 2,6 триллион теңге бағытталады. Соған қарамай медицина көмегінің сапасы мен қолжетімділігі айтарлықтай жақсарып тұрған жоқ. Сонымен қатар, ресурстарды тиімсіз пайдаланғандар да бар. Үкімет медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуін қатаң бақылауға алуы керек. Бұл құрал қарапайым және түсінікті болуы тиіс. Мемлекет кепілдік берген базалық бөліктен және жұмыс берушілер мен азаматтардың аударымдары есебінен қалыптастырылатын сақтандыру бөлігінен тұратын бірыңғай медициналық көмек пакетін қалыптастыру қажет, - деді Тоқаев.

Осы салаға жетекшілік ететін вице-премьер Тамара Дүйсенова президентке не деп жауап берді?

Иә, бізде проблемалар бар. Адамдарға сапалы медициналық көмек алу беру біз бұл жүйені аударып-төңкеріміз керек. Егер жүйе дұрыс жолға қойылса, онда әрбір аурухана, әрбір емхана адамдардың табыс табу және сапалы көмек көрсету үшін келуіне мүдделі болуы керек.

Төңкеріс шынымен де болды. Денсаулық сақтау министрлігі жетекшілік ететін вице-премьердің қатысуынсыз түбегейлі шараларға – онкологияны емдеуге арналған тарифтерді 20% қысқартуға, медициналық көмек пен сақтандыру медицинасының кепілдік берілген көлемінің пакеттерін біріктіруге, табыс табушылар үшін жарналарды 850 мың теңгеден астам ұлғайтуға, тегін емделуге жататын аурулар тізбесін қысқартуға, жедел жәрдем қызметтерін көрсету жүйесіндегі өзгерістерді енгізуге жауаптылар кірісіп кетті.

Жоғары аудиторлық палатаның соңғы аудиті де, депутаттардың халық үшін мемлекеттік медицинаның қолжетімділігі бойынша бағалауы да денсаулық сақтау жүйесінде терең дағдарыс туындағанын көрсетті. Сақтандырылған адамдар уақытында маманға бара алмайды, тексеруден өте алмайды, Ақылы дәрігерлерге жүгінеді, ал емханалар бағаны қалай қойғысы келсе - өзі біледі. Жұрттың қалтасын қағып жатқандары баршылық.

БӘРІН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРАМЫЗ

Тамара Босымбекқызы басқарған еңбек министрлігі 2023 жылғы қаңтардағы кеңейтілген отырысынан кейін "Наполеон жоспарын" жариялады. Бір жылдың ішінде 1 млн адамды, оның ішінде жастарды, жұмыспен қамтылмаған азаматтарды және мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруымыз керек десті. Соған қарамастан 2023 жылы да, 2024 жылы да Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі төмендеген жоқ.

2024 жылы жұмыспен қамту мәселелерін шешу жөнінде батыл есептер жалғасып тапты. Еңбек министрлігіне Светлана Жақыпова келді, ал ведомство инерция бойынша әдемі есеп беруді жалғастыра берді.

Президентке жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары баяндалды. Министрдің айтуынша, 2024 жылы 804 мыңнан астам адам, оның ішінде 200 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылған. 9 мыңға жуық азамат, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары бизне-идеяларды іске асыруға грант алды, - деп жазды қараша айында Ақорда.

Вице-премьер Тамара Дүйсенованың 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда ресми жұмыссыздар саны 452,6 мың адам, ал үшінші тоқсанның соңында 448,5 мың адам жұмыссыз болғанын хабарсыз болуы мүмкін емес. Қысқарту 4,1 мың адамды құрады. Бірақ анық 804 емес. 

Әлеуметтік вице-премьердің өз құзыретіне кіретін мемлекеттік органдардың жұмысына қалай әсер ететіні турасында көп сұрақ туындайды. Әлеуметтік салада не дұрыс емес? Неліктен ең ауыр мәселелерді шешу қиын?   

Қалай десек те, Тамара Дүйсенованы енді сирек көретінімізді жоққа шығармаймыз.