×
$
444.58
510.29
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.58
510.29
5.27

Эльвира Әзімова қайтадан Қазақстан Конституциялық сотының төрағасы болып тағайындалды

Бүгін, 10:06
Эльвира Әзімова қайтадан Қазақстан Конституциялық сотының төрағасы болып тағайындалды
Manshuq

Ол 2023 жылдың қаңтарынан бері сотты басқарып келеді. Сондай-ақ Конституциялық реформа жөніндегі комиссияға жетекшілік етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эльвира Әзімованы Конституциялық соттың төрағасы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Эльвира Әзімова 53 жаста, Тараз қаласында дүниеге келген. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «халықаралық заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақ, орыс және француз тілдерін меңгерген.

Оның еңбек жолының басым бөлігі Әділет министрлігінде өтті. Әзімова министрлікте 1996 жылдан бері жұмыс істеп, қатардағы кеңесшіден вице-министрге дейінгі қызметтерді атқарды.

2019 жылы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болып тағайындалды. Ал 2023 жылдың қаңтарында Конституциялық соттың төрағасы болды. 2026 жылы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияға да жетекшілік етті.

Контекст

Бұған дейін Әзімованың Тоқаевқа жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысы туралы баяндағанын жазған болатынбыз. Оның айтуынша, жобаға азаматтардан 4 мыңнан астам пікір мен ұсыныс түскен.

Тоқаев жұмысты ашық форматта жалғастырып, сарапшылар мен халықтың ұсыныстарын мұқият талдауды тапсырған.