×
499.76
521.7
5.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
499.76
521.7
5.63

ТШО қауіпті дейді, ендеше мұнай алпауыты неге Қазақстанның заңымен жұмыс істемейді

17.02.2025, 10:06
ТШО қауіпті дейді, ендеше мұнай алпауыты неге Қазақстанның заңымен жұмыс істемейді
Ulysmedia коллажы

Қазақстан тарихында тұңғыш рет еліміздің жер қойнауынан мұнай өндіретін шетелдіктер жұртшылықтың, дәлірек айтқанда мәжіліс депутаттарының алдына шықты. Мәжілісмендердің "Теңізшевройл" (ТШО) басшылығымен екі сағаттық тіресінен кейін Ulysmedia.kz порталыының ТШО-ға ғана емес, үкіметке, атап айтқанда экология және денсаулық сақтау министрліктеріне сұрақтары туындады.

ҚАУІПТІ ӘРІ ПАЙДАСЫЗ

"Қауіпті" деген сөз, әртүрлі жағдайда ТШО бас директоры, америкалық Кевин Лайонның аузымен екі жарым сағат әңгімеде кемі 15 рет айтылды. Ол "Теңізшевройлдағы" өндірістің қаупіне сілтеме жасай отырып, депутаттарға компанияның Қазақстан өндірушілерін неге сырт қалдыратынын түсіндіруге тырысты.

"Теңізшевройл" өкілдері мәжілістің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеті өкілдерімен кездесуі кезінде басты тақырып ретінде елдегі ішкі өндірісті дамыту мәселесі талқылануы керек-тін. Яғни, Қазақстан аумағында, әсіресе мұнай-газ секторында жұмыс істейтін шетел компаниялары жергілікті бизнестен мүмкіндігінше көп тауар/жұмыс/қызмет сатып алуы тиіс еді. Ал ТШО-да бұл жағынан проблема жетеді.

Біріншіден, мұнай алыбының сатып аларда Қазақстандағы үлесі былтыр 69% құраған. 2022 және 2023 жылдары ол 70% еді. Бұл – кейінгі 17 жылдағы алғашқы құлдырау. Екіншіден, ТШО тауарларды сатып алған кездегі қазақстандық тауарлардың үлесі небәрі 7% құрайды. Қалғанының бәрі импорт. Бұл импорт Қазақстанның бюджетіне бір тиын да әкелмейді, өйткені мұнайға арналған тауарлар баж салығынан босатылған. Депутаттар шетелдік компанияларға неге артықшылық беріледі деген мәселені бірнеше рет көтерген еді, себебі Қазақстан ішінде әлемдік мұнай нарығында өз сапасын дәлелдеген тауарларды сатып алуға болады. Осы мәселе көтерілгенде әр жолы америкалықтардың жауабы шамамен бірдей болды.  

Теңізшевройл – өте қауіпті нысан. Ең алдымен, біз өндіріс қауіпсіздігіне мән береміз. Сондықтан жұмыс үшін сапалы құралдарды, жабдықтарды сатып аламыз, ол үшін тауарларды бағалайтын сертификаттар бар. Бізде барлық сертификаттау көп уақытты алады. Әрине, біз тауарлар мен қызметтердің жергілікті үлесін арттырғымыз келеді, - деп ақталды Кевин Лайон.

Кевин Лайон

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЮРОКРАТИЯМЕН САЛЫСТЫРУҒА ДА КЕЛМЕЙДІ  

ТШО жергілікті қамтуды арттыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатқанын Лайон бірнеше рет айтты, дәл солай өндіріс қауіпті екенін де қайталай берді. Шын мәнінде, тендерлерге дейін Қазақстанның көп компаниясы конкурстарға қатысады. Тек мәреге іс жүзінде жетпейді. Не себепті ілінбей қалғанын ешкім оларға түсіндірмейді.

Сонымен қатар, ТШО-ның отандық компаниялармен 9 меморандумы бар, олар бұрын қол қойылған, бірақ әлі де келісімшарттар жоқ. Рас, бас директор депутаттарға үш келісімшарт бар екенін, тек құзырет, біліктілік, сертификаттарын қарау процесі өте ұзақ екенін айтады. Алайда кездесуге қатысқан бизнес өкілдері өтінімдерді қарау мерзімдері немесе тендерден бас тарту себептері бойынша ТШО-ға жөнелтілген кез келген өтініш жауапсыз қалатынын айтады. Мәжілістегі комитет төрағасы Еділ Жаңғыршиннің америкалыққа ТШО-ның Қазақстан жерінде жұмыс істейтінін еске салуға не түрткі болғанын да аңғару қиын емес.

Сіздер тіпті біздің мемлекеттік қызметке қарағанда баяу жұмыс істейсіздер. Бізде мемлекеттік қызмет көрсетудің белгілі бір мерзімі бар. Егер сіз сол мерзімде жұмыс істемесеңіз, онда жауапкершілікке дайын болыңыз.  Яғни, белгілі бір уақытта, егер сізге хат келіп түссе, дәлелді жауап болуы керек және осы мерзім бойынша сіз нақты жұмыс істеуіңіз керек, сонда ғана бизнеске бәрі түсінікті болады, – деп талап етті Жаңбыршин.

НЕЛІКТЕН МЕМЛЕКЕТ ТШО-НЫ МІНДЕТТЕЙ АЛМАЙДЫ  

Алайда үкімет тек ТШО-дан бірдеңе сұрай алады екен, бірақ талап ете алмайтын көрінеді. Мысалы, энергетика министрлігінің өкілі өкілі атап өткендей, қазақстандық қамтуды ұлғайту жөніндегі өз бағдарламасында ТШО министрліктің ұсынымдарын елемеген. Жұмыстар мен тауарлардағы, қызметтердегі жергілікті қамту үлесі бойынша нысаналы индикаторлар белгіленбеген, дегенмен энергетика министрлігі мұны талап етуге тырысқан көрінеді.

Бірақ ТШО Қазақстанның алдында қандай да бір міндеттеме алуға асықпайтынын және негізінен үкіметтің "қалауына" назар аудармайтынын 32 жыл бұрын жасалған өнімді бөлу туралы келісімінен-ақ (ӨБК) түсінуге болады. Келісімнің шарттары құпия әрі екінші тараптың келісімінсіз жария етілмейді. Қазақстанның мұнайын өндіріп жатқан шетелдіктер құпияны ашуға өз келісімін бермейді.

Сондықтан, ӨБК-де Қазақстандағы мұнайдан түсетін пайданың көп үлесі басқа мемлекеттердің қалтасына түсетінінен басқа, инвесторлар Қазақстанның мүдделерін ескеруге міндетті емес деген шарттар да жазылғанын жоққа шығаруға болмайды.

Бір қызығы, Кевин Лайоннан ТШО бас директоры ретінде емес, АҚШ азаматы ретінде, ӨБК туралы келісім әділ ме деп сұрағанда, ол инвесторлардың Қазақстанға тәжірибе, біліктілік пен құзыреттілік әкелетінін және әлеуметтік нысандарға ақша салып жатқанын айтып, мәселеден басын аулақ салуға тырысты. Бірақ нақтылау сұрағы қойылғаннан кейін өз ұстанымын білдірді.

Мен ТШО-ның бас директоры ретінде шарттарды жергілікті нарық пен өңір үшін әділ деп санаймын. Алайда барлық шешімді біздің акционерлер қабылдайды. Мен келісімнің әділ екенін білемін, біз тек салық төлеп қоймай, әлеуметтік нысандар үшін де қаражат бөлеміз. Келісімшарт та, шарттар да инвесторлар үшін де, Қазақстан халқы үшін де әділ деп санаймын, - деді Кевин Лайон.

ЭКОЛОГИЯ МИНИСТРЛІГІ МЕН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАЙДА ҚАРАП ОТЫР  

ТШО басшылығы мен депутаттардың кездесуі экология және денсаулық сақтау министрліктеріне сұрақ туғызады. Компанияның бас директорына Маңғыстау облысы аудандарының бірінің мәслихат депутаты өтініш білдірген. Меруерт Омарова ТШО-дан Боранқұл ауылында кем дегенде 40 төсек орыны бар аурухана салып, оны қажетті құралдармен жабдықтауды сұраған.

Мен осы ауылда тұрамын. ТШО бізден 90 шақырым жерде орналасқан, бірақ, әсіресе жазда, өте ыстық болған кезде, кешке қарай өте жағымсыз иіс пайда болады. Ауыл тұрғындары әртүрлі ауруға шалдығып жатыр, - деді Омарова.

Ол сондай-ақ 8 мың адам тұратын ауылда 85 мүмкіндігі шектеулі бала барын айтып, аурухана өте қажет екенін жеткізген. Кевин Лайон депутаттың өтінішін күнделігіне жазып алып, мәселені қарастыруға уәде берді. Алайда ТШО аурухана құрылысына демеушілік жасамайтын сыңайлы. Шын мәнінде, аурухана салып берсе, компания мүгедектігі бар балалардың тууына, ауыл тұрғындарының ауруларына компанияның қызметі тікелей байланысты екенін әрі соған толық жауапты екенін мойындағаны болып шығады.

Міне, біздің шенеуніктерге сұрақ осы жерде туындайды. Олар бұл жағдайды біле ме? Мүмкін экология министрлігі кен орындарындағы шығарындыларды өлшеп қана қоймай, радиусы жүз шақырым болатын округтерді де зерттеуі керек шығар? Бәлкім, Боранқұлдағыдай мәселе басқа ауылдарда да бар шығар?

Денсаулық сақтау министрлігіне сұрақ: аядай ғана ауылда мүгедектігі бар 85 баланың болуы қалыпты жағдй ма? Неге Қазақстанның 8 мың азаматы 120 шақырымдағы медициналық көмекке баруға мәжбүр?