×
531.96
622.45
6.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
531.96
622.45
6.79

Мәскеу мен Баку: қырғи-қабақ соғыс қаупі бар ма

Бүгін, 12:31
Мәскеу мен Баку: қырғи-қабақ соғыс қаупі бар ма
Ulysmedia.kz коллажы

Баку мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас күрт суыды. Бұл жағдайдың тұрмыстық та, саяси да деңгейде бірнеше себебі бар. Ulysmedia.kz осы ахуалдың себептері мен мүмкін салдарын талдап көрді.

КАВКАЗДЫҚ ГАМБИТ

Баку мен Мәскеу арасындағы қатынас шахмат партиясына ұқсап бара жатыр: әрбір жүріс қарсыластың келесі қадамын болжауға жасалған әрекет әрі бір мезеттегі сынақ. Бірде Баку Илхам Әлиевтің өткір мәлімдемесі арқылы ферзь қояды, енді бірде Мәскеу насихаттық "пешкалармен" жауап беріп, Кавказ гамбитінде үстемдігін сақтап қалуға тырысады.

Ұшақтың атып түсірілуінен бастап Ресейге қарсы халықаралық талап-арызға дейінгі оқиғалар шахмат тақтасына жаңа фигуралар қосты. Бұл жолғы партия жақын арада эндшпильге, яғни шешуші кезеңге жететіндей әсер қалдырады. Алайда, ең орындалуы мүмкін сценарий – Оңтүстік Кавказдағы осы күрделі геосаяси ойында әр жүрістің алдын ала мұқият есептеліп отыруы. Партия басталар алдындағы ресми сәлем берудің астарында келесі қадамға қатысты терең есеп пен сақтық жатыр.

МҰНАЙДЫҢ “ДӘМІ” СЕЗІЛЕТІН ТАРИХ

Әзербайжан мен Ресей – мұнаймен, тарихпен және күрделі геосаясатпен байланысқан көрші мемлекеттер. КСРО тарағаннан кейін Баку, алдымен Гейдар Әлиевтің, кейін оның ұлы Ильхам Әлиевтің басшылығымен, өзінің тәуелсіз бағытын мұқият қалыптастырды. Бұл жолда Мәскеу, Анкара және Батыс арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысты. Ал Кавказды өз «артқы ауласы» санайтын Ресей, посткеңестік кеңістіктегі көптеген ел секілді, Әзербайжанның дербестігін үнемі құптай қойған жоқ. Әсіресе, Баку Түркиямен байланысын нығайтып, Қарабақтағы табыстарын ашық көрсете бастаған сәттерде бұл айқын байқалды.

ДЕКОРАЦИЯЛЫҚ РӨЛ

2020 жылы болған Екінші Қарабақ соғысы Әзербайжан үшін нағыз триумфқа айналды: Баку даулы аумақтардың едәуір бөлігін, оның ішінде стратегиялық маңызы бар Шуша қаласын қайтарып алды. Ресей араағайын рөлінде әрекет етіп, Әзербайжан мен Армения арасында үшжақты келісімге қол қойды және Қарабаққа бітімгер әскерін орналастырды. Алғашында Мәскеу ықпал тұтқаларын өз қолында сақтап тұрғандай көрінді. Алайда 2023 жылы Әзербайжан Қарабақты толығымен өз бақылауына алған кезде, ресейлік бітімгерлер аймақтан мерзімінен бұрын үнсіз шығып кетті. Бұл жағдай олардың рөлі негізінен символикалық немесе декорациялық сипатта болғанын көрсетті.

– Баку енді Мәскеуді өңірде ережелерді диктата жасай алатын араағайын немесе сыртқы күш ретінде қабылдамайды, – деп атап өтті әзербайжандық саясаттанушы Расим Мусабеков.

Бұл пікірді Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Константин Затулин де жанама түрде растады. Посткеңестік елдерге қатысты қатаң мәлімдемелерімен танымал депутат:

– Біз Солтүстік Кавказдың оңтүстігіндегі ықпалымыздан толық айырылып қалу қаупі алдында тұрмыз, – деп мәлімдеді.

АСПАНДАҒЫ АПАТ

2024 жылдың желтоқсанында Баку мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас күрт нашарлады. Бұған себеп болған қайғылы оқиға туралы Ильхам Әлиев: «бұл оқиға өз ізімен қалмауы мүмкін емес», – деп мәлімдеген еді. Бакуден Грозныйға бағыт алған Azerbaijan Airlines жолаушылар ұшағы Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күші тарапынан Шешенстан үстінде атып түсіріліп, Қазақстанның Ақтау қаласы маңында құлады. Ондаған адам қаза тапты. Әзербайжанда бұл жағдай ұлттық трагедия ретінде қабылданды. Президент Әлиев эмоциясын жасыра алмады, ал Ресей тарапы таратқан «құс соқтығысы» немесе «оттегі баллоны жарылды» деген нұсқаларды «сандырақ пен ақымақтық» деп атады.

– Бұл апатта қаза тапқан әзербайжан азаматтарының өліміне Ресей Федерациясы өкілдері тікелей кінәлі деп сенімді түрде айта аламын, – деді Әлиев.

ЖҮЙКЕНІ ТОЗДЫРҒАН ӘРЕКЕТТЕР

Бірнеше күн өткен соң Владимир Путин телефон арқылы кешірім сұрағанымен, бұл формалдылық Әлиев үшін жеткіліксіз болды. Ол Ресейден ашық түрде кінәні мойындауды, кінәлілерді жазалауды және өтемақы төлеуді талап етті:

– Ресей тарапы Әзербайжаннан кешірім сұрап, өз кінәсін мойындауы, кінәлілерді жазалауы және өтемақы төлеуі керек.

Бұған жауап ретінде ресейлік БАҚ бұл іске украин дрондарының қатысы бар деген нұсқаны таратуды бастады. Бұл Бакудің наразылығын одан әрі күшейтті. Режиссер Анар Азимов ащы мысқылмен:

– 2022 жылдың 24 ақпанынан бері Украинаға қарсы өшпенділікті қоздырып жүргендер енді сол соғыстың кінәсін Украинаға жауып отыр, – деп мәлімдеді.

АЙНА СЕКІЛДІ ШАРАЛАР

Жағдай Бакуде Ресейдің мәдени орталығы – «Русский дом» жабылып, әзербайжандық құқық қорғау органдары Sputnik агенттігінің кеңсесіне рейд жүргізіп, қызметкерлерін «ФСБ агенттері» деп атағаннан кейін ушыға түсті. Ресей де қарап қалмады: Екатеринбургте әзербайжан диаспорасына рейд басталып, екі мигрант қамау кезінде көз жұмды. Мәскеу маңында диаспора басшысынан азаматтық алу құқығы алып қойылды. Бұған жауап ретінде Әзербайжан сегіз ресейлікті тұтқындап, симметриялы жауап қайтарды. Бұл жөнінде бір ресейлік блогер:

– Жақында кепілге алынған адамдарды бір-бірімізге алмастыратын күнге жетеміз, баяғы «жақсы» замандардағыдай, – деп жазды.

ЖАУАПСЫЗ ҚАЛҒАН СҰРАҚТАР

Шілде айында Ильхам Әлиев бұл онсыз да күрделі қатынастарға отқа май құйғандай болып, Мәскеуде ауыр қабылданған, бірақ сырттай елеусіз қалдырылған мәлімдеме жасады. Шушада өткен медиафорумда ол Украинаны «оккупацияға көнбеуге» шақырды:

– Ешқашан оккупациямен келіспеңіздер. Біз де солай жасадық және жеңіске жеттік. Берілмеңіздер.

Бұл құр риторика емес еді, Баку соңына дейін баруға дайын екенін аңғартты, соның ішінде халықаралық соттарға шағым түсіру де бар. Әлиевтің айтуынша, Баку 2024 жылы Грозный маңында Ресей әуе шабуылына қарсы қорғанысынан зымыран тиіп, Қазақстанда құлаған AzAl жолаушылар ұшағы бойынша халықаралық соттарға тапсыру үшін құжаттар жинап жатыр. Оның сөзінше, «апаттан кейін өткен жеті ай ішінде Ресей тарапынан Бакуге бірде-бір нақты жауап берілген жоқ».

Әлиев Донбасс үстінде 2014 жылы құлаған Malaysian Airlines ұшағын меңзеп, сол тергеу он жылдан астам уақытқа созылғанын еске салып, «Әзербайжан да қажет болса, сонша уақыт күтуге дайын» екенін айтты.

Оның бұл мәлімдемесі ресейшіл орталарда үлкен резонанс тудырды: бірі Әзербайжанды «достық қатынасы жоқ ел» деп атады, екіншілері Каспийде жаңа майдан ашылуы мүмкін деп болжады, ал үшіншілері Әзербайжанды «антиресейлік жүйе» құрды деп айыптап, қарумен қорқытты. Ал олардың түсінігіндегі «русофобия» – тек ұшақ апатын тергеуді талап етіп, мемлекеттердің аумақтық тұтастығын құрметтеу ғана болатын.

МӘСКЕУДІҢ ЖАУЫ ЖЕТІП АРТЫЛАДЫ

Бұл жағдайды Ресей үкіметінің бұрынғы спичрайтері, саясаттанушы Аббас Галлямов та түсіндіріп өтті.

– Ресейлік «патриоттық» қауым толықтай истерияға ұшырады. Әзербайжан оған қарумен қоқан-лоқы көрсететіндей не істеп қойды? Олар Ресейге басып кірді ме? Шекарашыларға оқ атты ма? Ресей ұшағын атып түсірді ме? Жоқ. Олар халықаралық сотқа шағымдануға шешім қабылдады. Сонымен бірге, өз пікірін білдіріп, Украинаға жаулап алынған жерлерінен бас тартпау керегін айтты. Осы үшін бомбалау керек пе?! Ресейлік «патриоттар» – қырсық әрі дау-дамайға бейім адамға айналды, оларға қарсы сөз айту мүмкін емес, – деп ашуланды Галлямов.

https://apf.attachmail.ru/cgi-bin/readmsg?id=17531011750326088815;0;1&exif=1&full=1&x-email=almataz%40list.ru&rid=1105611971605884313781083145539929588694271769934

Саясаттанушы жағдайға баға бере отырып:

– Объективті түрде Мәскеуге бұл қақтығыстың ушығуы тиімді емес, онсыз да жау көп, ал олармен күресуге ресурс жетпейді. Сұрақ: Кремльде ақыл жеңе ме, әлде эмоция ма? – деді.

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӘҢГІМЕ

Ресейдің танымал медиатұлғалары мен кейбір саясаткерлер бұл жағдайға болжамды түрде ашу мен мысқыл аралас реакция білдірді. Мысалы, Дмитрий Киселёв эфирде:

– Әлиев өзін өңірлік төреші деп сезінетін сияқты, бірақ басты сауда әріптесін ұмытып кеткен, – деді.

Ресей СІМ өкілі Мария Захарова бұл жолы таңғаларлықтай сабыр танытты:

– Біз диалогқа дайынбыз, бірақ Баку біржақты қадамдар сенімді нығайтпайтынын түсінуі тиіс, – деді.

Бұл ретте әзербайжандық медиа Илхам Әлиевтің мәлімдемесін жиі келтірді:

– Ұшақты дрон атып түсірді деген идея бұл балабақшаға арналған ертегі, – деген болатын ол.

ТҮРКИЯНЫҢ ЫҚПАЛЫ

Мәскеу мен Баку бір-біріне шабуылдаған сәтте Анкараның даусы айқынырақ естіле бастады. Түркия – Әзербайжанның ең жақын одақтасы – Бакудің барлық амбициясын, соның ішінде Зангезур дәлізі жобасын қолдайды. Илхам Әлиевтің айтуынша, бұл көлік дәлізі:

– Көптеген елді байланыстырады және халықаралық тасымалдау үшін маңызды арнаға айналады.

Ал Мәскеу бұл дәліз Түркияның Кавказдағы ықпалын арттырып, Ресейді өңірден толықтай ығыстырады деп қауіптенеді. Саясаттанушы Иван Преображенский:

– Ресейге Оңтүстік Кавказды Түркияға беру немесе жаңа қысым тетіктерін іздеу керек болады, – дейді.

АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Том Баррактың мәліметінше, Америка Армения мен Әзербайжан арасындағы жоспарланған Зангезур дәлізін бақылауға алуды ұсынған. Бұл – бейбіт келіссөздердегі тығырықтан шығуға көмектесу қадамы.

“ДӘЛІЗ” ЖОБАСЫ

Егер бұл жоба жүзеге асса, ол өңірге бақылау орнатуға арналған стратегиялық плацдармға айналып, Арменияны Ираннан оқшаулап, Ресейдің ықпалын әлсіретеді. Америка үшін бұл маңызды геосаяси мүмкіндік: дәліз Ресей мен Қытайды айналып өтетін баламалы бағыттар ашады, Иранға қысым жасауға мүмкіндік береді, және Ресейді Оңтүстік Кавказдан әскери күш қолданбай-ақ ығыстыруға жол ашады.

Алайда Зангезур дәлізі – тараптар арасындағы басты келіспеушілік нүктесі. Бұл дәліз Әзербайжанды Нахичеван эксклавымен Арменияның Сюник облысы арқылы байланыстырады. Баку еркін әрі кедергісіз қатынастың кепілдігін талап етеді және бағыттың армян бақылауында болуына қарсы. Ал Ереван бұл жолды «Зангезур дәлізі» деп атауға үзілді-кесілді қарсы – бұл олардың егемендігіне қауіп төндіреді деп есептейді, сондай-ақ үшінші тараптың бақылауына да қарсылық білдіреді.

Ресей Армениядағы ықпалының біршама бөлігін жоғалтқан, ал Түркияның Әзербайжандағы белсенділігі Мәскеу үшін стратегиялық қауіпке айналуы мүмкін. Ресейлік сарапшы Сергей Маркедоновтың сөзімен айтқанда:

– Әзербайжан өңірлік салмағы бар дербес күшке айналды, бұл табыс Мәскеудегі кейбіреулердің басын айналдырып жатыр.

БАҒЫТ ҚАЙДА БАРА ЖАТЫР

Қарабақтағы жетістіктері мен Түркияның қолдауына сүйенген Әзербайжан енді белсенді ойнауға ниетті. Тәжірибелі саясаткер ретінде Ильхам Әлиев Ресеймен арадағы шиеленісті ел ішіндегі беделін арттыру үшін пайдаланып отыр, сыртқы «жауға» қарсы жеңіс ұлтты біріктірудің бұрыннан сыналған тәсілі. Дегенмен, ол Мәскеумен экономикалық байланыстарды толықтай үзіп тастамай, абайлап әрекет етуде. Еуропа колледжінің сарапшысы Нұрлан Әлиевтің пікірінше:

– Екі тараптың да соғысқысы жоқ. Мәскеу екінші майдан аша алмайды, ал Баку Ресей нарығынан айырылғысы келмейді.

Украинадағы соғыс пен ішкі мәселелерге басы ауған Ресей қазіргі кезде осал күйде тұр. Әзербайжан диаспорасына қысым – бұл алдын ала есептелген стратегиялық қадам емес, керісінше, дәрменсіздіктің белгісі. Әзербайжандық журналистердің бірі мұны:

– Мәскеу Бакуді қорқытпақшы, бірақ Әлиев қорқатын адам емес сияқты, – деп сипаттады.

Сонымен қатар, Ресей Әзербайжанды серіктес ретінде толық жоғалтуға да дайын емес. Әсіресе «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізі сияқты ортақ жобаларды ескерсек.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘРТАРАПТАНДЫРУ

Қазіргі жағдайға қарағанда, Баку өз экономикасының Ресейге тәуелділігін азайтуға ұмтылып, еуропалық елдермен және өзге де жаһандық ойыншылармен байланысын нығайтпақ. Батысқа бағытталған энергетикалық жобалар бұл бағытта басты рөл атқарады.

Алайда бұл үдеріс күрт үзілу емес, керісінше Кремльдің «сезімтал шеңгелінен» біртіндеп босану болуы мүмкін. Осы күнге дейін түрлі келісімдер мен посткеңестік және халықаралық құрылымдардағы бірлескен мүшелік арқылы Ресей Азербайжанды жанама түрде ұстап келді, бірақ бұл ықпал қазір әлсіреп келеді.

ПАРГМАТИЗМ БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ МА

Әлиевтің мәлімдемелеріне қарамастан, Баку мен Мәскеу өз әрекеттерін ең алдымен прагматикалық мүдделермен айқындайтыны анық. Әзербайжан Ресеймен тікелей қақтығысты қаламайды, бірақ ұлттық мүдделерінен де бас тартуға дайын емес. Ал Ресей болса, бұрынғыдай өз шарттарын міндеттейтін дәрежеде болмаса да, әсерін сақтап қалуға тырысады.

Сонымен қатар, Ресейдегі әзербайжандық іскерлік диаспора дәстүрлі түрде екі ел арасындағы көпір қызметін атқарып келеді – тек мәдени салада емес, экономикалық жағынан да. Міне, осы себепті де екі ел арасындағы қатынастың күрт суытуы көпшілік үшін күтпеген жағдай болды.

“ҚЫРҒИ-ҚАБАҚ СОҒЫСҚА” ДАЙЫНБЫЗ

Ресейлік саясаттанушы, халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Аркадий Дубнов Ulysmedia.kz сайтына берген пікірінде мәселені былай бағалады:

– Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың 21 шілдедегі соңғы мәлімдемелеріне қарағанда, Мәскеу жақын арада Бакумен қарым-қатынасты жұмсартуға бағытталған нақты қадамдарға бара қоймайды. Керісінше, Оңтүстік Кавказдағы көршілес мемлекетпен ұзақ мерзімді «қырғи-қабақ соғысқа» дайын екенін аңғартты.

Сондай-ақ Песков Ресейдегі Әзербайжан диаспорасын еске алып:

– Заңды бұзатын өкілдер жауапқа тартылады, – деп астарлы ескерту жасады.

Дубновтың пікірінше, бұл Бакуге ашық ескерту: Ресей азаматтығындағы этникалық әзербайжандарға қысым жалғаса береді. Мұндағы есеп – Ресейдегі әзербайжандар тарихи отанының президенті Ильхам Әлиевке жүгініп, оның Кремльге қатысты риторикасын жұмсартуына ықпал етуі мүмкін деген үміт.

Чем больше Россия препятствует Казахстану, тем скорее он ...

ТЕҢ ДӘРЕЖЕДЕГІ ӘҢГІМЕ

Бұл арада Мәскеу риторикасының нақтылығы шамалы болса да, бір жайтты анық түсінеді: Әзербайжан – Украина емес, ал Әлиев – Зеленский емес. Бакуден «қанмен дәлелденген адалдық» талап етіп жатқан ешкім жоқ.

Оның үстіне, әзербайжандық әскери күш миф емес. Армения соғыста жеңілді. Бұл дегеніміз Ресей жеңімпаз елмен ашық қақтығысқа баруға тәуекел ете алмайды. Оның үстіне, Қарабақтан айырылған, ҰҚШҰ-ның беделі түскен, ресейлік бітімгерлер шығарылған қазіргі жағдайда Мәскеу бұрынғыдай қылышын оңды-солды сілтей алатын кезеңде емес.

Carnegie қорының сарапшысы Заур Шириевтің атап өтуінше, қазір Әзербайжан Мәскеумен «тең дәрежеде сөйлесіп отыр».

БАҚЫЛАУ ФАКТОРЛАРЫ

Кез келген жағдайда, алда қызықтар болары анық. Ильхам Әлиевтің өзі айтқандай:

– Біз әрдайым халықаралық құқықтың әмбебап принциптерін ұстанамыз.

Болашақтағы қарым-қатынас бірнеше факторға байланысты. Біріншіден, Баку Ресейге қарсы өз талабын қай деңгейге дейін апаруына байланысты. Егер Әзербайжан халықаралық айыптауға қол жеткізсе, бұл Мәскеудің беделіне елеулі соққы болады.

Екіншіден, Түркия мен Батыстың ұстанымына байланысты. Олардың өңірдегі ықпалының артуы Ресейді Кавказдағы ойыннан мүлде ығыстыруы мүмкін.

ЖАҢА МОДЕРАТОРЛАР

Ал саясаттанушы Аркадий Дубновтың пікірінше, бұл үміттер негізсіз емес.

– Қазіргі таңда Әзербайжан басшылығы Мәскеуге өз талаптарын батыл түрде қоя алатынын сезініп отыр. Бұл талаптарды әділетсіз деуге де келмейді. Баку мен Мәскеу арасындағы қақтығысты жұмсарту үшін үшінші тарап, мысалы, Түркия мен оның президенті Режеп Ердоған модератор болуға тырысуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, араағайындық жасай алатын өзге тұлғалар да бар: мәселен, Татарстан сияқты ислам өңірлерінің кейбір көшбасшылары. Кремль оларға кей жағдайда халықаралық ислам үмбетінде «өз атынан сөйлеуге» рұқсат береді, – деп түсіндірді саясаттанушы.

Осы ретте Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков, автордың пікірінше, «кері шегінуге көшіп», бірақ міндетті түрде бір ескертумен шектеледі:

– Біз үшін Әзербайжанда орыстардың қадірленуі өте маңызды.

Оның айтуынша, Мәскеу мен Бакудің қарым-қатынасы «берік негізге» құрылған, бірақ «кейде қиын кезеңдер болады», ал қазір – сондай кезеңдердің бірі.

Серіктес жаңалықтары