×
539.49
627.7
6.75
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.49
627.7
6.75

«ҚазМұнайГаз» маңызды жобаны жүзеге асыра алмады. Жауапты кім?

Бүгін, 10:29
«ҚазМұнайГаз» маңызды жобаны жүзеге асыра алмады. Жауапты кім?
ulysmedia коллажы

2025 жылдан бастап Қазақстан қыстық дизель отынын өзі шығарып, импорттан толықтай бас тартуы тиіс болған. Бұл стратегиялық мақсатқа қомақты қаржы да бөлінді, алайда жобаның іске қосылуы 2026 жылға шегерілді. Оның өзінде «ҚазМұнайГаз» оны мерзімінде аяқтай ма, жоқ па белгісіз. Ulysmedia.kz осы жобаның неге сәтсіздікке ұшырағанын, неге ел ішінде бұл мәселеге ешкім назар аудармағанын және не себепті жауапты тұлғалар жазаланбағанын, не себепті тұтынушылар тағы да Ресейден келетін жанармайды күтуге мәжбүр болатынын зерттеп көрді.

«Шаруашылық» көзқарас

Сапалы қысқы дизель отыны – әсіресе Қазақстанның солтүстік өңірлері үшін аса өзекті мәселе. Үкімет оны өзімізде шығарудың орнына, Ресейден импорттауды жөн санаған. 2018 жылы сол кездегі энергетика министрі Қанат Бозымбаев қысқы дизель отынын өндіру тиімсіз деген көзқарасын былай деп түсіндірген еді:

«Қазақстанда қысқы дизель отыны көбіне желтоқсанның ортасында, қаңтарда қажет болады, кейін сұраныс төмендейді. Сондықтан ондай отынды шығаратын зауытты салып, оны жыл бойы пайдаланбау бұл шаруашылыққа сай келмейді», – деген Бозымбаев.

Алайда 2020 жылдан кейін әлемдік экономикалық дағдарыс, ұлттық валютаның құнсыздануы және бюджет тапшылығы жағдайында үкіметтің бұл ұстанымы қайта қаралды. 2022 жылы Атырау МӨЗ жоспарлы жөндеуге жабылғанда, бұл мәселе өте қатты сезілді. Қостанай облысында қысқы дизельдің бағасы 330 теңгеден 610 теңгеге дейін бірақ шарықтады.

Осы кезде үкімет шұғыл шешім қабылдап, 2023 жылы сол кездегі «ҚазМұнайГаз» басшысы Магзұм Мирзагалиев Павлодар мұнай-химия зауытында (ПМХЗ) жылына 160 мың тонна қысқы дизель отынын өндіретін жобаны іске асыратынын президентке баяндады. Бұл жоба француз компаниясымен бірлесіп жүзеге асуы тиіс болатын және оның құны 60 млн еуро деп бағаланды.

Дизель болады, бірақ кейінірек

Былтыр жыл бойы «ҚазМұнайГаз» жобаны белсенді насихаттап, «қысқы дизель отынын өзіміз өндіретін күн алыс емес» деген сөзді қайталаумен болды. 2025 жылдан бастап Қазақстан қысқы отынды импорттамайды деген уәде көп жерде айтылды. Алайда жыл соңына қарай«ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы ПМХЗ жобаның іске қосылуы кейінге шегерілетінін, шамамен 2026 жылдың күзінде ғана іске қосылатынын мәлімдеді.

«ҚазМұнайГаз» бұл шешімнің нақты себебін түсіндірмеді. Мұнай нарығының сарапшысы Асқар Исмаиловтың пікірінше, оның себебі бірнешеу болуы мүмкін:

«Мүмкін жұмыс көлемі дер кезінде орындалмаған, басқарушылық шешімдер әсер еткен, немесе қаржы уақытында бөлінбеген. Қалай болғанда да, гидротазалау қондырғысы іске қосылған жоқ – бұл анық», – дейді ол.

Фото: Асқар Исмаилов

2025 жылдың мамырында, ПМХЗ-ны жоспарлы жөндеуге жабуға бір ай қалғанда, Энергетика министрлігі 87 млн долларлық жаңа инвестициялық келісімге қол қойғанын хабарлады. Жобаның мақсаты өзгермеген – қыстық дизель отынын өндіруге қажет сутегі қондырғысын салу. Жоба бұрынғысынша «ҚазМұнайГаз» бен француздық Air Liquide компаниясының 2016 жылы құрған бірлескен кәсіпорны арқылы іске асады.

«Жоба Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызға ие, себебі іске қосылғаннан кейін қыстық дизель отынын импорттау көлемі айтарлықтай қысқарады немесе толықтай жойылады. Қазіргі импорт көлемі – жылына шамамен 200 мың тонна», – делінген энергетика министрліктің баспасөз хабарламасында.

Жалғыз өзгеріс – мерзімі: енді жоба 2026 жылдың қазан айына жоспарланып отыр. Алайда сарапшылардың пайымынша, «ҚазМұнайГаз» бұл мерзімге де үлгермеуі мүмкін.

«Мұндай технологиялық күрделі жабдықты іске қосу үшін зауытты толық тоқтату қажет. 2026 жылы ПМХЗ толық жөндеуге жабыла ма, жоқ па бұл әлі белгісіз. Қазір үш жылдық жөндеу аралығы бар, сондықтан нақты аяқталу мерзімі 2026-ма, 2027-ме немесе 2028-бе айту қиын», – дейді Асқар Исмаилов.

Кім жауап береді?

«ҚазМұнайГаз» әдетте сәтсіз жобалардан кейін жауапты адамды табатын, алайда бұл жолы ешкім жауапкершілікке тартылған жоқ. Мысалы, 2022 жылы Атырау МӨЗ-нің экс-директоры Мұрат Досмұратов зауыттағы сапасыз күрделі жөндеуден кейін қатаң сөгіс алған еді. Бірақ шын мәнінде бұл олқылық алдыңғы басшылықтың кезінде басталған.

«Қазір де осындай жағдай. Жоба іске қосылмады, бірақ ешкім сөгіс алған жоқ. Бұл не екі жақтыстандарт па, әлде жоба мерзімінен кешіккенін жария еткісі келмегендік пе, белгісіз», – дейді Исмаилов.

Жобаны бастап берген Магзұм Мирзағалиев қазір президенттің кеңесшісі, оған еш сұрақ қойылмайды. Жаңа басшы болып Асхат Хасенов 2024 жылы тағайындалды. Ол бұрын энергетика вице-министрі болған. 2023–2025 жылдары энергетика министрі болған Алмасадам Сәтқалиевке де сұрақ қойылмайды, өйткені ол қазір атом энергетикасы бойынша маңызды жобаларды басқарып отыр. Ал қазіргі министр Ерлан Ақкенжанов жобаның жалғасуына жаңа ғана қол қойған адам. Яғни, ресми түрде оның еш қатысы жоқ.

Осыған қарамастан, «ҚазМұнайГаз» Ulysmedia редакциясына берген ресми жауабында қыстықотын тапшылығы болмайды деп сендірді.

«Атырау МӨЗ-де -25/-32/-38°С-қа дейінгі қыстық дизель отыны өндірісі жолға қойылған. Сонымен қатар, сұраныс болған жағдайда «Хазар» атты -45°С температураға дейінгі «арктикалық» дизель отынын да шығару мүмкіндігі бар», – делінген компанияның жауабында.

Қыс қатты болмаса Атырау зауытының қуаты барлық сұранысты қамти алады. Олай болмағанжағдайда Қазақстан тағы да Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болады. Қанша дегенмен,  екі ел арасында дизель отынын 450 мың тонна көлемінде бажсыз салығынсыз өткізу туралы келісім мерзімі бекерден-бекер ұзартылған жоқ қой. Қыстық дизель отынын тұтынушыларға барлығына үмітпен қараудан басқа амал жоқ.

Серіктес жаңалықтары