×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Соңғы екі жылда Қазақстанға АҚШ инвестициясы екі есе қысқарды

08.10.2021, 10:00
Соңғы екі жылда Қазақстанға АҚШ инвестициясы екі есе қысқарды
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанға 2021 жылдың алғашқы жартыжылдығында өзге мемлекеттерден 11,1 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынған. Ulysmedia.kz порталы оқырман назарына елге ең көп инвестиция салған мемлекеттердің ондығын анықтап, соңғы 10 жылда елге салынған инвестиция көлемін біліп көрді.

БІРІНШІ ОРЫНДА – НИДЕРЛАНД

Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 2021 жылдың 6 айында 11 млрд 139 млн АҚШ долларын құраған. Осы соманың 4,46 млрд АҚШ доллары 2021 жылдың алғашқы үш айында салынса, 6,66 млрд АҚШ доллары сәуір мен маусым аралығында құйылған.

2021 жылдың алғашқы жартыжылдығында ең көп инвестиция салған мемлекеттердің ондығы:

ИНВЕСТОРЛАР ҚАЙ САЛАҒА ҚАРАЖАТ САЛДЫ

Инвесторлар дәстүрлі түрде Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлердегі жұмыс саласына қаражатты көбірек салады. 2021 жылдың алғашқы жартыжылдығында бұл салаға 5,5 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйылған. Оның ішінде инвестицияның көбі мұнай мен газ (4,2 млрд АҚШ доллары), метал түрлерін өндіруге (1,2 млрд АҚШ доллары) бөлінген.

Одан бөлек инвесторлар Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі саласына 2,1 млрд теңге инвестиция салыпты. Тағы 1,6 млрд теңге жаппай және бөлшек сауда, көлік жөндеу саласына құйылған.

Инвесторлар көбірек қызығатын салалардың қатарына сонымен қатар қаржылық және сақтандыру қызметі (812 млн АҚШ доллары), көлік және қойма (514 млн АҚШ доллары), ақпарат және байланыс (142 млн доллар), құрылыс (117 млн АҚШ доллары) салалары кіреді.

10 ЖЫЛДА ИНВЕСТИЦИЯ САЛЫМЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ

Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, пандемия басталғалы Қазақстанға салынған инвестиция көлемі азайып келеді. Мәселен, 2019 жылы елге 24,4 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынса, 2020 жылы 17 млрд АҚШ долларына дейін азайған.

Соңғы 10 жылда Қазақстанға тартылған инвестиция көлемі:

«Коронадағдарыс» жағдайында дамыған елдердің де, дамушы елдердің де саясатында экономикалық «өзімшілдік» белең ала бастағаны белгілі. Пандемия кезінде әлем елдері айылын жиып, инвестицияны өз елінде сақтап қалуға тырысты. Тіпті кейбір елдер елдегі инвестицияларының басқа елге жылыстауын саяси тұрғыда реттей бастады. Індет өрши бастаған алғашқы айларда өндірістік тізбектер үзіліп, тасымалдың үзілуі «домино қағидатындай» тұтас салаларды шарпи бастады. Бұл өзгерістер әлбетте, Қазақстанға салынған инвестиция көлеміне қалай әсер еткенін жоғарыдағы кестеден байқауға болады.

«ҮЗДІК ОНДЫҚТЫҢ» ОН ЖЫЛДАҒЫ САЛЫМЫ

Биылғы жартыжылдықтағы үздік «инвесторлар-ондығы» Қазақстан экономикасына кейінгі 10 жылда қанша көлемде инвестиция салды (млрд АҚШ доллары):

Қазақстанға ең көп инвестиция салған елдердің «ондығының» көшбасшысы Нидерланд кейінгі 10 жылдың ішінде инвестиция салымын азайтып келе жатқанын атап өту керек. Мәселен, 2010 және 2011 жылдары аталмыш ел Қазақстанға 7,3 млрд АҚШ доллары және 8,8 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салса, 2020 жылы 5,1 млрд теңгеге дейін азайтқан.

АҚШ-та инвестицияны бәсеңдеткен. Кейінгі 10 жылда АҚШ-тың Қазақстан экономикасына ең көп инвестиция салған жылы 2019 жыл болғанымен (5,5 млрд АҚШ доллары) бұл көрсеткіш 2020 жылы екі есе (2,2 млрд АҚШ доллары) қысқартыпты.

Швейцария да 2011-2012 жылдары инвестицияны Қазақстан экономикасына қарқынды түрде инвестиция салғанымен, кейінгі жылдары ол ел де азайтқанын байқауға болады.