×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Етіксіз етікшінің тірлігі»: Құпия құжаттар Қазақстанды қалайша мұнайсыз қалдырды

07.08.2023, 13:58
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның мұнай-газ саласындағы Солтүстік Каспий мен Қарашығанақ жобасы бойынша өнімді бөлу жөніндегі келісімге (ӨБЖ) 1997 жылдың қарашасында қол қойылған. Қазақстан мен халықаралық концорциумдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін бірден-бір құжат – осы. Содан бері ондаған жылдар өтсе де біздің мемлекет келісімді қандай шарттармен жасасқаны әлі де құпия қалып отыр. Үкімет те үнсіз – құпия құжаттың мән-жайын ашуға асықпайды.

Қазан-қазан құрт қайнатып, көлкіген көбігін ғана татып отырған жоқпыз ба? Ulysmedia.kz порталының бүгінгі мақаласы осы тақырыпқа арналады.

Аздаған стастистика

ӨБЖ – Солтүстік Каспий (ӨБЖСК) бойынша өнімді бөлу жөніндегі келісім. Солтүстік Каспий концорциумының құрамына әуелі «ҚазМұнайГаз» ҰК, Eni, Total, Shell, ExxonMobil, CNPC мен Inpex кірген. Қарашығанақ жобасына «ҚазМұнайГаз» ҰК, Eni, Chevron, Shell мен Lukoil енген.

Бүгінгі таңда Қарашығанақ кен орнына Қазақстанда өндірілетін бүкіл газдың 49% мен сұйық көмірсутек шикізаттың 16% тиесілі. Қарашығанақта кен өндірісін Karachaganak Petroleum Operating BV компаниясы жүргізеді. Жобаны Shell мен Eni (жалпы үлестің 29,25 % тиесілі), Chevron (18%), ресейлік «Лукойл» (13,5%) мен «ҚазМұнайГаз» (10%) жүзеге асырып жатыр.

Солтүстік Каспий қатаң табиғатты қорғаушы шараларды талап ететін күрделі теңіз жобасы саналады. 5600 шақырым аумақты алып жатыр. Тіпті әлемдегі ең ірі кен орындарының санатында. Қаламқас, Қашағанның оңтүстік-шығысы, Ақтоты, Қайран атты кен орындары да бар.

Қашаған жобасының операторы – North Caspian Operating Company (NCOC). Ол ӨБЖ қатысушылары атынан жұмыс істейді: KMG Kashagan B.V. (16,9 %), Shell Kazakhstan Development B.V. (16,8 %), Total EP Kazakhstan (16,8 %), AgipCaspian Sea B.V. (16,8 %), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,8 %), сондай-ақ CNPC Kazakhstan B.V. (8,33 %) мен Inpex NorthCaspian Sea Ltd. (7,56 %). Қашаған кен орны – компанияның негізгі активі әрі әлемдегі ең күрделі жобаның бірі.

Қашаған кен орны Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі қазақстандық секторда орналасқан әрі 75х45 шақырым аумақты алады. Мұнай теңіз деңгейінен 4200 метр тереңдікте өндіріледі.

«Шикізат қарғысы» синдромы

ӨБЖ тақырыбы ең бірінші кезекте «шикізат қарғысына» ұшыраған мемлекет бюджеті үшін өте өзекті тақырып.

Кеңес одағы құлағаннан кейін Қазақстанға мұнай мен газ индустриясының әлемдік алпауыттары баса көктеп кіріп, пайдалы қазбаларды өндіруде өз талаптарын теліп үлгерді.

Таяуда ел президенті Қазақстанға ең алдымен америкалық Chevron компаниясы кіріп, ірі Теңіз кен орнын жекешелендіріп алғанын еске салғаны бар. Бұл кен орны Тоқаевтың сөзінше Қазақстанның тәжі іспеттес.

«Сол келісімнің шарттары сол кездегі инвестициялық келісімге сәйкес жасалды деп түсінемін. Қараңыздар, 30 жыл бұрынғы түсінік басқа еді: біз экономикамызға ірі шетелдік компаниялардың келіп жатқанына қуандық. Шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі заң болмады. Ол тұста өнімді бөлу жөніндегі келісім едәуір ойға сиятын», - деп түсіндіреді өз көзқарасын мемлекет басшысы.

«Бірақ қазір ойын ережесін өзгерту әлбетте, қалыптан тыс әрі меніңше ел мүддесіне ұзақ мерзіммен қарағанда абсурд та болар еді. Алайда түзету болуы керек. Қазір сол іспен айналысып жатырмыз», - деп мәлімдеді Тоқаев.

Екінші жағынан әрине, ол кезде Қазақстанда әлемдік деңгейдегі мамандар жоқтың қасы еді. Ең бастысы – көмірсутек шикзатын өндіру үшін жоғары технологиялар да жоқ болатын. Ең қиыны, сол технологиялар әлі де байқалмайды.

Ол тұста ешкім де логистиканы қалай жасап, биржада қалай сауда жасау керектігінен хабарсыз-тын. Бұл қызметтің түр-түрін жүз жылдап мұнай өндіріп жатқан әлемдік концорциумдар ашып көрсете қойған жоқ. Сол себепті оларды елге шақыру ісі өзін-өзі ақтаған шаруа. Сарапшылар осылай дейді. Алайда дәл сол сарапшылар ел басшылығы екі мыңыншы жылдарға дейін неліктен жігер танытып, ӨБЖ-ге қол қоярда беріктік танытпады деп таңғалады. Келісімде елге пайдалы шарттарды жасап, 2037 жылға дейін сол шарттарды жарияламау жөніндегі пунктке неліктен келісті екен?

«Бәлкім, тоқсаныншы жылдары басқа амал болмаған да шығар. Ол кезде ірі активтерді жекешелендіріп алатындай Қазақстанда қаражат жоқ-тын. Біз шетелдік инвестициялық бірлестіктер үшін Terra incognita едік, сол себепті үкіметке шетелдік инвесторларды шақыруға тура келді», - деп түсіндіреді жағдайды Тоқаев.

Қалай жеңілдік?

«Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы» (ӨСАБ) ұйымының есебі бойынша, Батыс Қазақстан облысындағы ірі кен орны – Қарашығанақтағы мұнай қоры 320 млн тонна мұнай мен 450 млрд шаршы метр газды құрайды. Алпауыт Қашаған кен орны – кейінгі 40 жылда ашылған ең ірі мұнай кен орны. Оның өндірілетін қоры шамамен 9-13 млрд баррель (1-2 млрд тонн) мұнайды құрайды. Қашаған теңіз кен орнының коллекторы Атырау қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан әрі ол 4 шақырым тереңдікте. Бұл тұрғыда шикізатты өндірудегі қиындыққа байланысты шетелдік инвесторлар өз дегеніне қайтпаған көрінеді.

Мұнайлы ірі кен орындарының бәрінде мұнай өнімді бөлу жөніндегі келісім бойынша жасалады. Қазақстан үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында осындай 11 келісім бар.

«ӨБЖ нені білдіреді? Ол бойынша инвестор мен мемлекет келісімге келеді, соған сәйкес, инвестор кен орнын игереді. Роялтиді төлегеннен кейін (табиғи ресурстарды игеру жөніндегі құқық) инвестор өндірген өнімдердің бір бөлігі (өтемақы ретінде берілетін өнім) оның менгішігіне шығынды өтеу үшін беріледі. Өнімнің қалған бөлігі табысты өнім ретінде танылады да, инвестор мен мемлекет оны бөліп алады. Инвестор өзінің табыс табатын өнімі үлесінен салық төлейді», - деп түсіндіреді ӨБЖ тетігін экономист Айзада Аққайсиева.

Кілтипан неде?

  • бөліністің тең шартты болмауы;
  • ұлттық мүдделердің назардан тыс қалуы;
  • экологиялық апаттар;
  • жемқорлық қаупі.

Осы болжамдардың растау немесе жоққа шығару үшін келісімдердің шарттарын білу керек. Бірақ ол шарттар «құпия» грифімен тұр.

Тағы 17 жыл?!

ӨБЖ-ге қол қойылған сәттен бастап инвесторлар ұзындығы 635 шақырым құбыр тартты, кен орындарының инфрақұрылымдарын жаңғыртты, шикізатты қайта өндіру және даярдау нысандарын пайдалануға берді, жаңа ұңғымаларды қазды. Бір қарағанда біздің мұнайды жай ғана сүліктей сора бермей, керісінше, шетелдік компаниялар бар байлықты ойлы түрде игеріп жатқандай көрінеді. Алайда түптің түбінде мұнай әбден өндіріліп болғаннан кейін бізге не қалады?

Ашық деректерге қарағанда, біздің мұнай кен орындарындағы инвесторлардың үлесі мынадай:

«Теңізшевройл» ЖШС (Теңіз және Королевское кен орындарындағы мұнай және газ) 1993 жылы ӨБЖ бойынша құрылған. Келісім 2040 жылға дейін күшінде болады. Оған қатысушылар: «Шеврон» (АҚШ) – 50 %, «Экксон Мобил» (АҚШ) – 25 %, «ҚазМұнайГаз» - 20 %, «ЛукАрко» (Ресей) – 5 %.

Солтүстік Каспий жобасы («Норт Каспиан Оперейтинг Компании Н.В.» (НКОК). ӨБЖ 1997 жылдан 2033 жылға дейінгі шартпен қол қойылған. Оған бес кен орны кіреді: Қашаған, ҚаламҚас-теңіз, Қайран, Ақтоты және Оңтүстік-Батыс Қашаған. Өнімді бөлу жөніндегі келісім шарттарына сәйкес, Қашаған кен орнында өндірілетін мұнайдың бәрі, оның ішінде ҚМГ үлесі де экспортқа шығарылады. Экспорттың негізгі бағыты КТК мұнай құбыры арқылы Новороссийск порты саналады. Жобаның қатысушылары «Тотал» (Франция) – 16,81 %, «Экксон Мобил» (АҚШ) – 16,81 %, «Роял Датч Шелл» (Британия – Нидерланды) – 16,81 %, «ҚазМұнайГаз» – 16,81 %, CNPC (Қытай) – 8,33 %, «Импекс» (Ресей) – 7,56 %. 

Қарашығанақ кен орны бойынша ӨБЖ-ге 40 жыл мерзімге 1997 жылы қол қойылған. «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.»-да бес компания бар: «Эни» (Италия) – 29,25 %, «Шелл» – 29,25 %, «Шеврон» – 18 %, «Лукойл» – 13,5 % және «ҚазМұнайГаз» ҰК – 10%.

Мұнайлы ірі кен орындары бойынша өнімді бөлу жөніндегі басқа келісімдерде Нидерландының, Қытайдың 100 пайыз үлесі бар. Португалия мен Оманнан да компаниялар жұмыс істейді.

Сандардың өзі де мұнай нарығында шетелдік компаниялардың позициясы басым екенін көрсетіп тұр. Олардың жартығыс Қазақстан нарығында 2040 жылға дейін жұмыс істейді. Одан кейін не болмақ? Мұнай қалдығын өзіміз игере бастаймыз ба? Шын мәнінде трансұлттық корпорациялардың артында дамыған мемлекеттердің үкіметі тұрады ғой әдетте... «Алтын шыққан жерді белден қазатын» олар бұл табыстан оп-оңай айырыла қоймайды. Қазақстанның экономикасына ықпал ету тетігінен де айырылғысы жоқ.

Аздап ес жиып келеді

Ulysmedia.kz порталы ӨБЖ жөнінде Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сатқалиевтің пікірін сұрап көрген.

«Құпия ақпараттар екінші тараптың жазбаша келісімінсіз жарияланбайды», - дейді Сатқалиев.

Иә, ӨБЖ шартына сәйкес, министрдің сөзі дұрыс. Әйтсе де, таразының екінші жағында ұлттық мүдде деген тұр. Ақ жол партясы таяуда Қазақстанның Конституциялық сотына жүгініп, ӨБЖ-нің әділетсіз екенін, ол президент Тоқаевтың конституциялық реформасына сәйкес келмейтінін айтып шағымданған. Алайда Конституциялық сот бұл мәселе өз құзырынан тыс екенін айтып, шағымды қараудан бас тартты.

«Менің білуімше, ӨБЖ ратифициядан өткен емес әрі оның шарттары парламентте талқыланған жоқ. Сол себепті ол ережелер Конституцияның жаңа редакциясына, атап айтқанда халықтың байлығы турасындағы нормасына сай келуі керек», - дейді Перуашев.

Іске ауыр артиллерия кірісті

Мұнай келісімдері бағытында қатып қалған сең бұзылды ма, әлде жоқ па – бірдеңе деу қиын. Алайда Қазақстанда ӨБЖ-келісімшарттарын жүзеге асыру мәселелері жөнінде жұмыс тобы құрылды. Сәуірде энергетика министрі келісім жағынан елдің мүддесіне жауапты PSA компаниясы Қашаған және Қарашығанақ мұнайлы кен орындарында мұнай өндіретін компания-операторларға қарсы халықаралық арбитраж арқылы арыз түсірген. Бұл жерде 16,5 млрд долларлық өтемақы жөнінде әңгіме болып отыр. Сатқалиев арыз $3,5 млрд және $13 млрд сомаға берілгені атап өтеді. Оның айтуынша, «әңгіме салық дауы жайлы емес, өнімді бөлу тұрғысынан келісімнің орындалуы жөнінде» болып отыр.

«Өкінішке қарай, бірдеңе деуге менің қақым жоқ. Тек айтарым – бұл арыз Қазақстан халқының мүддесі үшін беріліп отыр», - деп түсіндіреді Сатқалиев.

Қашаған мен Қарашығанақтағы операторларға қарсы арыздың түскенін 5 сәуірде Bloomberg агенттігінің дереккөзі хабарлаған. Әңгіме операторлар салық базасына енгізуге тиіс болмаған «санкцияланбаған шығындар» жөнінде болып отыр. Заңбұзушылықтар 2010-2018 жылдары Қашағанда және 2010-2019 жылдары Қарашығанақта тіркелген деген ақпарат бар. Басылымның нұсқасы бойынша, арыз түсіруші операторлардың тендер процедурасында ӨБЖ шарттарын бұзып, Қашағандағы мердігерлердің жұмысты толық орындамағанына наразы. Қашаған бойынша арыз Женевада, ал Қарашығанақ бойынша арыз Стокгольмде қаралады.

Демек, Қазақстан билігі кен орындарының операторларын шығындарды өсіре көрсетті, мұның салдары Қазақстанды шығынға батырды деп айыптап отыр деген сөз.

«Даудың соңы не болатыны Қазақстан тарапының қандай құжаттарды дәлел ретінде көрсететініне байланысты болады», - дейді халықаралық дау-дамайды бақылап отырған Forward Legal адвокаты Ирина Лукьянова.

Абайлаған оптимизм

Сонымен қатар Атырау облысының экология департаменті кен орнында сақталған күкірттің артық көлемі, сондай-ақ бақылаусыз газ шығарды деп NCOC-тан 5,1 миллиард доллар өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Алайда мұнай консорциумы мемлекеттік органдардың тексеру нәтижесін жариялау әрекетімен келіспей отыр.

Соған қарамастан, мұнай өндірісінің ұлттық үлесінде біршама ығысу байқалып, Қазақстанның Қарашығанақтағы үлесінен таза табыс бір жылда екі есе артты.

Алайда жалпы жағдайда сең қозғалған жоқ.

Серіктес жаңалықтары