×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Астана әуежайы 24 желтоқсанға дейін түнде жұмыс істемейді

02.05.2024, 09:21
Фото: ашық дереккөз

Астана әуежайы 1 мамыр мен 24 желтоқсан аралығында түнгі уақытта жұмыс істемейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не үшін

Әуежайдың ресми сайты ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізуге байланысты Астана халықаралық әуежайында орындалатын рейстерге өзгерістер енетінін мәлімдеді.

1 мамырдан бастап жөндеу аяқталғанға дейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 22.00-ден 6:00-ге дейін елорда әуежайының әуеайлағында ұшақтарды қабылдау және ұшу тоқтатылады.

Рейс кестесіне өзгерістер енді

Осыған байланысты Астанадан/Астанаға орындалатын әуекомпаниялардың рейс кестесіне өзгерістер енгізілуде.

Жолаушылардан сапарларын алдын ала жоспарлауын және әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтері, қосымшалар мен әуежай қызметтері, сондай-ақ әуекомпаниялардың хабарламалары сияқты барлық қолжетімді ақпарат көздерін пайдалануды сұраймыз, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларындағы авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.

 

Серіктес жаңалықтары