×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Жігерін құм қылыңдар»: Жаңа Қазақстанда журналистерді тағы не күтіп тұр

14.08.2023, 07:30
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда 2023 жылдың басында белгісіз адамдардың журналистерге қарсы жасаған әрекеттері естеріңізде ме? Түнде бірінің үйінің есігін тепкілеп, екіншісінің көлігін өртеп, үшіншісін баласымен қорқытып... Осы сұмдық жайттарға «кінәлілерді» полиция тауып, төртінші билік өкілдерінің көңілі жай тапқандай болған.Алайда өкінішке қарай, күзгі саяси науқан алдында сол сорақы жайттар тағы да журналистерді қорқытумен жалғасын тауып жатыр. 

«Қорлық көрдім, намысыма тиді»

Әңгіме алдымен талдықорғандық журналист Сандуғаш Дүйсенова жайлы. Оның ұсталғаны жөнінде алдымен алыпқашпа әңгімелер тарай бастаған. Көп өтпей, полиция оның ұсталғанын растады. Бүгін де ешқайда кетпеу жөнінде қолхатпен үйіне жіберілген журналист 11 тамыз күні бір жарым жыл бұрын адам өлтіріп, қашып жүрген адамнан өзіне қарсы арыз түскенін айтады. Сол уақытта журналистің жазуынша, кісіге оқ атқан адамның Сандуғаш Дүйсенова жеке сандық нөмірін мақалаға жариялаған. «Енді сол деректі біреу сақтап, бір жарым жылдан кейін арыз жазып отыр» дейді журналист.

Сандуғаш Дүйсенова бұл арыз тапсырыспен жазылғанына сенімді.

«11 тамызда полицияда тырдай шейіндіріп видеоға түсірді ғой. Бір топ адамның алдында шешінген бүртүрлі екен. ИВСқа жапты. Жылап кешірім сұрайды деп ойлады, бірақ мен өз-өзімді ұстай алады екенмін! Тап таза матрац, төсек, көрпе жастық беріп, сол жердегі балалар естері шықты.  Ыстық шай беріп көңілімді тапты. Түнгі сағат 00:40 мені уйге жіберді!» - дейді журналист.

«Сындыруға» кім бұйрық берді?

Осы жағдайда полиция қызметкерлерінің бір жарым жыл бұрынғы оқиғаны қазбалап, қылмысты адамның журналист таратқан ЖСН-ы үшін іс қозғай қалғаны нені білдіреді? Депутат Ермұрат Бапидің сөзімен айтқанда расында да, «қоғамнан жазылған арыз-шағымға былқ етпейтін полиция түрмеге қамалған адамның өтінішін орындауға аяқ астынан неге соншалықты құштар бола қалды?»

Сандуғаш Дүйсенованың өзі әлеуметтік желіге таратқан мәлімдемесінде полиция қызметкерлерінің өзіне «нам сказали сломать вашу волю» деген сөзін еске алады. Яғни, журналистің бұл сөзі шын болса, расында да Дүйсенованы тапсырыспен ұстаған. Бірақ журналисті ұстауға кім бұйрық берді? Бұйрық облыстық деңгейде болды ма, әлде республикадан «қоңырау түсті ме?»

Журналист Ришат Асқарбекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында «осы кезге дейін облыста бірде бір басшы оған бүгінгідей оңбағандық жасаған жоқ, ендеше желдің қайдан есіп тұрғанын бағамдай беріңіз» деп облыс билігіне меңзейді. Солай ма, бірақ?

«Келесі кезек кімдікі?»

Полиция «заңға сүйендік» деп өз дегенінен танбай отыр. 13 тамыз күні кешке таратқан ақпаратында Жетісу облысының полициясы «Сандуғаш Дүйсенованың жалаңаш видеотүсірілімі сотпен санкцияланғанын» хабарлады.

Сандуғаш Дүйсенова ұсталар алдында Алматыда журналист Данияр Молдабековке белгісіз біреулер өзіне қоқан-лоқы жасағанын хабарлаған. Оның алдында подъезінде Молдабековті белгісіз біреу ұрып кеткен болатын. «Келесі кезек кімдікі?» деп мұндай жайттардың тыйыла қоятынына сенбейді журналист Серік Жолдасбай.

Айтпақшы, журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталып жатқан уақытта бұған дейін журналистерге қарсы шабуылдар сериясын ұйымдастырды деген күдікке ілінген Аркадий Клебанов жауапкершіліктен босап кететін түрі бар. Вадим Борейко Алматы полиция департаментіне шақырылып, Аркадий Клебановтың психикалық дертке шалдыққан, сотқа қатыса алмайтыны жазылған сараптамалардың қорытындысын алғанын айтады. Іс бітті, қу кетті ме? Сұрақ көбейіп барады.

Сандуғаш Дүйсенова өз өңірінде әлеуметтік, саяси, қоғамдық мәселелерді ашық айтып, жазып жүретін журналист. 2022 жылдың 15 қазанында ол Талдықорғанда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құлаған ескерткіші бейнеленген фотосуреті үшін MediaCAMP Award 2022 сыйлығын жеңіп алған еді.

Серіктес жаңалықтары