×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Журналистерге шабуыл: ұйымдастырушы Клебанов жауапкершіліктен жалтаруы мүмкін

13.08.2023, 16:00
Фото: Ulysmedia.kz

Жылдың басында қазақстандық журналистерге қарсы шабуылдар сериясын ұйымдастырды деген күдікке ілінген азамат Аркадий Клебанов жауапкершіліктен жалтаруы мүмкін. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Сондай-ақ жәбірленушілердің бірі журналист Вадим Борейко Алматы полиция департаментіне шақырылып, Аркадий Клебановтың психикалық дертке шалдыққан, сотқа қатыса алмайтыны жазылған сараптамалардың қорытындысын алғанын айтты.

Борейко алған стационарлық тексерудің қорытындысынан кейбір деректер:

«Клебанов өзінің психикалық жай-күйін ескере отырып, өз іс-әрекетінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін сезініп, өзін-өзі басқара алмайды.Психикалық жағдайына байланысты қазіргі уақытта оны тергеу мен сотқа беруге болмайды. Оған жалпы психиатриялық аурухана ұсынылады.

Клебанов созылмалы психикалық ауытқушылықпен ауырады, бірақ оның психикалық жағдайы жоғары әлеуметтік қауіп төндірмейді», - делінген қорытындыда.

Сараптама нәтижесіне наразы Вадим Борейко Клебанов бір айға жуық ауруханада жатып, жауапкершіліктен жалтарады деп күдіктенген.

"Бұл жерде қайшылық көріп тұрған жоқсыз ба? Клебанов журналистерге қарсы шабуыл ұйымдастырып, қоғамға қауіпті әрекеттер жасады", - деп түсіндірді Борейко.

Ulysmedia.kz редакциясы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен ресми түсініктеме күтуде.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық журналистерге қарсы шабуылдардың ұйымдастырушысы және бастамашысы деп аталған Қазақстан азаматы Клебанов (Маневич) Аркадий Сергеевич 2022 жылдың маусымынан бастап тәуелсіз БАҚ өкілдері мен азаматтық белсенділерге – Гүлнар Бажкеноваға, Гүлжан Ерғалиеваға, Самал Ибраеваға, Динара Егеубаева, Вадим Борейко, Санжар Боқаева, Мұхтар Тайжан және т.б. қарсы қастандық жасаған.

Ұйымдастырушының арандатушылық әрекеттерін жүзеге асыруға Токарев есімді хакер және оның сыбайластары – К.Литвинов, С.Шаповалов, Б.Демченко және Ю.Малышок тартылған.

Аркадий Клебановтың «әсер етудің бұрмаланған әдістерін» ойлап тапқаны, оның ішінде радикалды әрекеттерге дайын орындаушыларды іздеуге бұйрық бергені хабарланды.

18 қаңтарда шабуылдаушылар Ulysmedia.kz сайтын бұзып, бас редактор Самал Ибраева мен оның отбасының жеке деректерін жариялады. Басшы полицияға арыз жазды, қылмыстық іс қозғалды. Ақпанның 8-і күні Ulysmedia.kz кеңсесіне басылымның бас редакторы Самал Ибраеваның балаларының суреттері мен жануардың еті салынған қорап жіберілді. Ол бұл оқиғаны редакторларды қорқыту әрекеті деп санайды. Бұл факті бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, 2022 жылдың жазынан бастап Ulysmedia.kz сайты бірнеше рет DDoS шабуылдарына ұшырады.

13 қаңтарда белгісіз біреулер Егеубаеваның көлігін өртеп жіберген. Жыл басында ол «Алтыншы Қаңтар» блогын құру туралы хабарлап, бір мандатты округтер бойынша Мәжілістің мерзімінен бұрын сайлауына қатысуға дайын екенін білдірді. 6 ақпанда Алматыда Динара Егеубаеваның ұлына тапаншамен шабуыл жасалды.

19 қаңтарда журналист және Hyperborey YouTube арнасының авторы Вадим Борейко пәтерінің есігін құрылыс көбігімен жауып тастау әрекеті туралы хабарлады. Оның айтуынша, олар есікті жауып, кейін оны өртеп жібермек болған.

Өткен жылдың қазан айында Orda.kz ақпараттық порталының редакциясына бас редактор Гүлнәр Бәжкенованың суреті салынған пакет – кесілген шошқа басы келіп түскен. Әдейі жыртылған фото жануардың аузына салынған. Бажкенованың өзі бұған Назарбаевтар отбасы мен тұңғыш президент туралы жарияланымдар себеп болғанын айтты.

10 және 13 қаңтарда белгісіз біреулер Elmedia сайты редакциясы кеңсесінің терезелерін сындырған. Бұл алты айдағы алтыншы шабуыл болды. Жоба жетекшісі Гүлжан Ерғалиева Ішкі істер министріне жағдайды бақылауға алуды талап етті. Президент Тоқаев оқиғаға жауап беріп, шабуылдарды мұқият тексеруді тапсырды. Алматы полициясы өрт қойды деген күдікпен кәмелетке толмаған бес азаматты ұстады. Олар сондай-ақ El Media-ға шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Тәртіп сақшылары жеткіншектердің интернет арқылы «тапсырыс» алғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары