×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Азия пара ойындары: Қазақстан қоржынына екі алтын түсті

23.10.2023, 15:08
Спорт және туризм министрлігі

Қазақстандық парапауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев пен парадзюдодан екі мәрте әлем чемпионы Ақмарал Науатбек Азия параойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақта үздік нәтиже (үш әрекеттен кейін 186 кг) көрсетіп, Азия рекордын орнатты. Ол Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды.

Қытайлық Янь Цзиньлан (185), вьетнамдық Нгуен Бинь Ан (184) үшінші орыннан көрінді.

«Керемет нәтиже! Давидті осынау маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл оның соңғы жетістігі емес екеніне сенімдімін», - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Ел мақтанышы Ақмарал Науатбек J2 санаты бойынша 48 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Ол финалда Рио паралимпиадасының жеңімпазы, қытайлық Ли Лицинді ұтып, ел қоржынына тағы бір алтын салды.

Серіктес жаңалықтары