×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Жол жөндеудегі заңсыздық: Алматы әкімдігі мердігермен келісімшартты бұзады

24.10.2023, 12:26
Коллаж: Ulysmedia.kz

Алматы қалалық мобилділік басқармасы жауапсыз мердігермен келісімшартты бұзғалы жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әкімдік «Dauren Build» ЖШС-мен Байзақов көшесінің Тимирязев көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізудегі талаптардың бұзылуына байланысты келісімшартты бұзбақ.

“Аталған нысандағы жөндеу жұмыстары тапсырыс берушінің келісімінсіз 20 күннен астам уақытқа тоқтатылған, ал техникалық қадағалау ескертулері жойылған жоқ. Мердігер тапсырыс берушіге ескертусіз жаяу жүргіншілер өткеліндегі жол төсемін жол белгілерімен бірге қырып тастаған, бұл көлік пен жаяу жүргіншілер үшін қауіп туындатып отыр. Мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес, егер екінші тарап елеулі бұзушылық жасаса, тапсырыс беруші шартты белгіленген мерзімге дейін бұзуға құқылы”, – делінген хабарламада.

Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі учаскені жөндеу жұмыстарын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында басқа мердігер ұйымдары аяқтайды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда жаңбырдан асфальт опырылып, автобус шұңқырға түсіп кеткен.

Серіктес жаңалықтары