×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Шавкат Мирзиёев: Палестина да өз тәуелсіз мемлекетін қалыптастыруға құқылы

03.11.2023, 11:28
Коллаж: Ulysmedia.kz

Астанада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Таяу Шығыстағы соғыс туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс, әскери қақтығыс салдарынан бейбіт халық, әйелдер мен балалар қаза болып жатыр. Бұл қақтығыстың одан ары ушығу қаупі бар. Осы кезде біз барлық тараптарды атысты тоқтатуға және гуманитарлық мақсаттарды іске асрыу үшін бейбітшілікке шақырамыз. Бұл мәселені әділеттті шешудің жолы – БҰҰ қарары. Палестика да өз тәуелсіз мемлекетін қалыптасыру құқылы. Біз де өзіміз брілескен ұстанымды көрсетуіміз керек», - деді Мирзиёев.

Сондай-ақ, ол Ауғанстан мәселесін де назардан тыс қалдыруға болмайтынын айтты.

«Әлемнің кейбір жерінде болып жатқан қақтығыстарға мән бере отырып, Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетуге шақырамыз. Бізге бейбіт әрі тұрақты Ауғанстан қажет. Экономтикалық ынтымақтас Ауғанстан қажет. Трансауған темір жолы бастамасы да орынды. Өзбекстан ары қарай да Ауғанстанға көмек көрсетеді», – деді өзбек басшысы.

Серіктес жаңалықтары