×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Бар-жоғы 17 жолдама: Маржықбаев спортшыларды сынға алды

29.11.2023, 17:02
Иллюстрациялық фото

Қазақстан спортшылары келесі жылы болатын Париж Олимпидасына бар жоғы 17 лицензия жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жолдама 8 спорт түріне тиесілі. Бұл басқа Олимпиадалардың дәл осы кезеңдегі лицензия санымен салыстырғанда өте аз.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев төрт жылдықтың басты бәсекесінің нәтижесі қалай болатынына қазірден алаңдап отырғанын жасырмады. Жалпы жанкүйерлер жүлдені бокстан күтеді. Бірақ әзірге бұл спорт түрінен 2 жолдама ғана бар. Министр мұны өте нашар көрсеткіш деді.

Ал спортты дамыту дирекциясының өкілі Олимпиадаға дейін тағы 90 лицензия жеңіп алу міндеті тұрғанын жеткізді. Уақыт – төреші.

Оралхан ҚОЖАНОВ

 

Серіктес жаңалықтары