×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Корея қазақстандық жұмысшылар үшін визасыз режимді жабуы мүмкін – Мәжіліс депутаты

Коллаж: Ulysmedia.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Құспан YouTobe-арналардың біріне берген сұхбатында Корея қазақстандық жұмысшылар үшін визасыз режимді жабатынын мәлімдеді. Депутаттың айтуынша, онда барған жұмысшылар заңсыз жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: Ешкім ештеңе түсіндірмеді: Депутат Сарымға 2070 жылға дейін Ресейге кіруге тыйым салынды

«Кореяда қазақ жұмысшылары көптен жұмыс істеп жатыр. Топырлап жүр деуге болады. Өйткені бұл елге бару үшін виза керек емес. Қазақстандықтар барады да, заңсыз жұмыс істейді. Бүйте берсе бір күні Корея біздің елге визасыз режимді жабуы мүмкін. Олар бізді өте жақын тартады. Болашағы зор ел деп біледі. Бәріміз де Алтайдан шықтық, түбіміз, тамырымыз бір деп санайды.  Балықты жақсы көретіндер Шығысқа кетті, етті ұнататындар Сарыарқаға кетті деп әзілдейді (күледі). Сондықтан біздің спикеріміз, төрағамыз Кореяның Премьер-министрінен, спикерінен біздің елден жылына  1000-2000 жұмысшы квота арқылы заңды түрде барып, заңды түрде жұмыс істесін деп сұрады. Олар уәде берді. Өйткені онда Өзбекстан, Тәжікстан елдерінің азаматтары заңды жұмыс істеп жүр...» - деді Мәжіліс депутаты.

Серіктес жаңалықтары