×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Ешкім ештеңе түсіндірмеді: Депутат Сарымға 2070 жылға дейін Ресейге кіруге тыйым салынды

22.01.2024, 14:34
Коллаж: ulysmedia.kz.

Депутат Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметінен сондай хабарлама алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Беларусь те кіргізбейді

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым ресейлік тележүргізуші Тина Канделакидің даулы посттарынан кейін Қазақстанға кіруіне жол берілмейтінін құптайды.

– СІМ Тина Канделакиді persona non grata деп жариялапты. Мұнысы дұрыс. Оған сөзді де, эмоцияны да жұмсаудың қажеті жоқ. Өз-өзімізді құрметтей білуіміз керек.

Мен де 2070 жылға дейін Ресейдегі non grata тұлғасымын. ФСБ-дан шекарадан өткен жағдайда 7 жылға дейін қылмыстық қудалауға ұшырауым мүмкін екені туралы хабарлама алдым! Беларусь бойынша да сол. Ешкім ештеңе түсіндірген жоқ, - деп жазады депутат.

Тина Канделаки

Ресейдегі белгілі тележурналист Тина Канделаки бұған дейін Қазақстан орыс тілін баяу болса да жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын жазып, дабыл қаққан. Оның бұл жазбасына елдегі теміржол бекеттерінің атауының өзгеруі себеп болған.

Көлік министрлігі кейбір темір жол станцияларын (Нұр-Сұлтан-Астанаға, Нұр-Сұлтан - Нұрлы жолды – Нұрлы жол, Косшокуды – Қосшоқыға, Сай-Утесті – Сайөтеске;, Өзенді Жаңаөзенге, Оралды Оралға, Құмшағылды Құмшағалға) қайта атау туралы Үкімет қаулысының жобасын жариялаған.

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram – каналында Қазақстан осылайша орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатқанын көрсетіп, "тарихтағы өз орнын қолдау сылтауымен өте алысқа баруға болатыны түсінікті, әсіресе осындай күмәнді шешімдерді ілгерілету үшін тарихты жасыру ыңғайлы" деп жазған.

Қазақстанның танымал журналисі Динара Сәтжан Канделакиге әлеуметтік желі арқылы жауап беріп, біздің еліміздегі қазақ тілі мемлекеттік тіл екенін атап өткен. Қай теміржол станциясын қалай атауға болатынын өзіміз шешейік. Т/Ж станциялары атауын өзгерткен жоқ, бұл олардың қазақ тіліндегі дұрыс аумақтық атаулары" дейді ол.

Қазақстанның депутаттары осы шу жөнінде пікірін білдірді.

Арман Шораевтың пікірі

Публицист Арман Шораев болса жалпы Ресей тарапынан Қазақстанға жасалған ақпарат шабуылдарын өзінше бағалайды Егер Ресейде есі ауысқандар Қазақстанның солтүстігінде арнайы әскери операция өткіземіз десе, федерацияның көрер күні санаулыға айналады. Ол аз десеңіз, Қазақстандағы орыс этносының 2,5 млн адамының тағдыры ала-дүлей болары анық, себебі мұсылман еліне жасалған шабуылды ислам әлемі кезекті крестшілер жорығы ретінде қабылдайтыны анық дейді ол.

Серіктес жаңалықтары