×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

ТОП-10: Елімізде қай университетте айлық ең жоғары

26.10.2021, 11:28
Фото: Ашық дереккөзден

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру департаментініің директоры Әділет Тойбаев оқытушылары мен профессорлары ең көп айлық алатын жоғары оқу орындарын атады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

ОНДЫҚТЫҢ БАСЫНДА – ҚАЗҰУ

Тойбаевтың айтуынша, департамент жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың, аға оқытушылардың, қауымдастырылған профессорлардың, профессорлардың айлығына 2021 жылдың қыркүйек айында мониторинг жүргізілген. Осылайша, министрлікке қарайтын 26 ЖОО зерттелген. Зерттеу қорытындысы мынадай нәтиже көрсеткен:

«Оқытушылардың минималды айлығы 206 296 мың теңге, аға оқытушылардыкі 241 мың теңге, қауымдастырылған профессорлардың айлығы 282 мың теңге, профессорлардың 376 мың теңге құрады. Бұл жерде көшбасшы – әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті. Ол жерде профессорлар 500 мың теңге айлық алады. Бұл мониторинг алдағы уақытта жалғасады», - деді Әділет Тойбаев.

«БҰЛ – КӨЗБОЯУШЫЛЫҚ»

Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарында айлыққа байланысты мәселе туындамас үшін ректорлардың берген есептік ақпаратын емес, алдымен оқытушылар мен профессорлар қолына алып отырған нақты қаражатына қарау керектігін ескертті. Министрдің айтуынша, тиісті талдау жасалғаннан кейін ішкі аудит тексеру жұмыстарын жүргізеді.

«Әріптестеріміз, алға қойған мақсаттарды тиісті деңгейде орындайды деген үміттеміз. Әйтпесе нақты жағдайды білу үшін арнайы тексеру жіберуден басқа амалымыз қалмайды. Бүгінгі таңда тапсырма орындалып жатқанын көріп отырмыз. Есеп бізге берген парағын қарасақ, мұнда бәрі дұрыс секілді. Дегенмен тереңірек зерттеу керек. Кейбір ЖОО-лар оқытушыларды 0,75 ставкаға жібере салады. Бұл – көзбояушылық. Мұны басқа деп атауға болмайды. Егер міндет қойылса, оны біреу орындай алмаса, не істеу керектігі белгілі. Сол себепті ішкі аудит және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру департаменті тағы бір мәрте қараңыздар. Формальды түрде қарамаңыздар. Бізге сондағы адамдар қанша ақша алып жүргенін білу керек», - деді Асхат Аймағамбетов.

Серіктес жаңалықтары