×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Әлемдік тәжірибе: Дүйсенова зейнетақы ақшасын "Бәйтерекке" беру туралы

07.02.2024, 12:01
Коллаж Ulysmedia

Вице-премьердің айтуынша, әрбір азаматтың зейнетақы жинақтарының кірісі қамтамасыз етілуі тиіс, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Вице-премьер Тамара Дүйсенова қазақстандықтардың зейнетақы қаражатын түрлі бағалы қағаздарға салу мәселесі туралы пікір білдірді.

"Біз әрбір азаматтың зейнетақы жинақтарының кірісі қамтамасыз етілуі тиіс деп санаймыз. Бұл тәжірибе жаңа емес. Бүкіл әлем зейнетақы жинақтарын бағалы қағаздарға немесе басқа жобаларға салады. Біз әрбір тиынның тиісті кірістілік деңгейін қамтамасыз етуіміз керек.

Жыл сайын жинақтар белгілі бір сомаға артады. Ұлттық банк кірісті көрсетеді. Егер ол инфляциядан төмен болмаса, онда бұл азаматтардың пайдасына шешіледі. Егер инфляциядан төмен болса, онда мемлекет тиісті деңгейді қамтамасыз етеді", - деді ол.

Естеріңізге салсақ, қазақстандықтардың барлығының дерлік зейнетақы қаражатын басқаратын Ұлттық банк БЖЗҚ-дан "Бәйтерек"ұлттық басқарушы холдингі" АҚ облигацияларына 173 миллиард теңге инвестиция салған болатын.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты ірі жобаларды қаржыландыруға бағытталады, деп толықтырды банк.

Банктің мәліметінше, облигациялардың жылдық кірісі 13% болады, ал айналым мерзімі – 15 жыл.

Ұлттық банкте облигацияларды сатып алу туралы шешім экономиканың нақты секторының ұзақ мерзімді ірі жобаларын қаржыландыру үшін 2024-2025 жылдар ішінде жоспарланған БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау шеңберінде қабылданған.

Серіктес жаңалықтары