×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Әділет министрі жаңадан тіркеліп жатқан партияға қатысты пікір білдірді

Әділет министрі жаңадан тіркеліп жатқан партияға қатысты пікір білдірді
Фото: ашық дереккөз

Әділет министрі Азамат Есқараев жаңадан тіркеліп жатқан партия туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазір елімізде жеті партия тіркелген. Сонымен қатар Yntymaq партиясын тіркеуге қатысты Әділет министрлігі тиісті рұқсатын берді. Олар бұл бағыттағы келесі сатыға өтіп, партияны құру жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деді министр Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл партия қай партия

Бұған дейін Yntymaq партиясы Әділет министрлігіне тіркеуге құжаттарын тапсырғанын хабарлаған болатынбыз.

Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті 2024 жылғы 4 наурыздағы "Yntymaq республикалық саяси партиясын" құру ниеті туралы хабарламаңызды қарап, "Саяси партиялар туралы" Заңның 6-бабы бойынша қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсыну туралы растау жібереді, - делінген Әділет министрлігі партияның құрылтайшыларына жолдаған хабарламасында.

Партия құрылтайшылары атап өткендей, Әділет министрлігі аталған хабарламаға дейін сәтсіз болған бірнеше рет әрекеттен кейін құжаттарды қабылдады.

Сондай-ақ Президент сайлауына түскен Мейрам Қажыкеннің партия құрудағы саяси белсенділігіқызу талқыға түсіп жатыр.

Қазнетте 2022 жылғы сайлауға қатысқан бұрынғы президенттікке кандидаттың партиясын тіркету жөніндегі талпынысы талқыланып жатыр. "Yntymaq республикалық партиясы" тіркеуге құжаттарды қайта тапсырған.

Қажыкенді желіде қажап жатыр

Авторлар былтыр жазда дәл осы партия тіркеуден өтуге тырысқанын жазады.

Yntymaq -ты тіркеудің тағы бір әрекеті белгілі бір партиялық жобаны ұйымдастырушылардың жеке "көлеңкемен жекпе-жегінің" жалғасы болуы әбден мүмкін.

Қажыкен "саяси ергежейлілер" арасында "білгіш" рөлін немесе қаласаңыз, "мектеп сайқымазақтары" жанында "үздік оқушы" рөлін ойнауға ұмтылды. Бірақ егер сіз "мектеп" мысалын жалғастыра берсеңіз, тіпті қыздар да түртпектейтін "жуас" сыныптас ретінде көріп, оқуды бітіргеннен кейін бір жылдан соң есімін де есіңізге түсіре алмай қалуыңыз мүмкін. Сонымен, осы саясаткердің партияластары қазір несіне сене алады? - деп жазады телеграм-арналар.