×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

“Қазір басқа мәселе көп” немесе “қарсы шығам деп ойламаймын”: депутаттар Елтаңбаны өзгерту жайлы ойын айтты

19.03.2024, 10:01
“Қазір басқа мәселе көп” немесе “қарсы шығам деп ойламаймын”: депутаттар Елтаңбаны өзгерту жайлы ойын айтты
Коллаж Ulysmedia

Ұлттық құрылтайда Елтаңбаны өзгерту жайлы ұсыныс президенттің аузынан шыққалы әркім әртүрлі пікір айтып жатыр. Журналистер мәжіліс депутаттарының да пікірін біліп көрді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

- Жалпы Елтаңбамыз өте жақсы ғой. 1992 жылы Шот-Аман Уәлихановтың бастауымен. Елтаңбадағы тұлпарымыз, ол жердегі бүкілі өте керемет, ерекше жасалған. Сондықтан менің ойымша, оны өзгертіп керегі жоқ деп ойлаймын, – дейді депутат Ардақ Назаров.

Журналистер депутаттан “Елтаңба өзгерсе қарсы боласыз ба?” деп сұраған.

- Қарсы шығам деп ойламаймын. Мүмкін дұрыс жағынан өзгеретін шығар. Мысалы Қырғыз мемлекеті туын өзгертті. Сәтті шығып жатса өзгертуге болады, – дейді Назаров.

Оның әріптесі Дәулет Мұқаев та мемлекеттік рәмізді өзгертуге қарсы емес сыңайлы.

- Кейбір сұхбаттарды қарағанда кезде Өзбекстаннан алып келген деген сияқты не бар иә!Кеңестік белгілер бар деген секілді де айтылады. Сондықтан мұның бәрі қоғамның пікіріне таразыланып, қоғамның пікірі ескеріліп жасалуы тиіс деп ойлаймын, – дейді ол. 

Ал Ринат Зайытов Елтаңбаны өзгерту жайлы Тоқаевқа асығыс әрі қажетсіз кеңес айтылды деп санайды.

- Қазір басқа мәселе көп. Қазіргі Елтаңбаның еш жаманшылығын көріп тұрған жоқпын. Жандарбек Мәлібековтың Шот-Аман Уәлихановпен бірге Елтаңбаны жасауда сегіз жұлдызды бес жұлдызға ауыстыруға байланысты тарихы бар, – дейді ол.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Елтаңбаға қатысты сыни пікірлер айтылып жатқанын мәлім еткен еді.

Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек.

Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады», – дейді Тоқаев құрылтайда.