×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Депутаттар Ресейдегі шабуылдан кейін қауіпсіздік шараларын күшейтуді ұсынды

27.03.2024, 13:35
Коллаж Ulysmedia

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Мәскеу түбіндегі Crocus City Hall концерт залында болған терактіден кейін лаңкестікке қарсы шараларды күшейту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Депутат не айтты

Айдос Сарымның айтуынша, Қазақстан Ресей Федерациясында болған лаңкестік оқиғаны толық зерттеп, қажетті сабақ алуы керек.

Оқиғаларды талдау көрсеткендей, қайғылы оқиға құрбандарының үштен біріне жуығы тікелей лаңкестік әрекеттен қаза болды, ал қалған адам шығыны ілеспе өрт пен дүрбелеңмен, қауіпсіздік күштері мен ұйымдастырушылардың әрекеттеріндегі сәйкессіздікпен байланысты болды. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Президенттің Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысында берген тапсырмаларының сөзсіз орындалуын қамтамасыз етеді деп сенеміз, - деді Сарым.

Депутат мемлекеттік органдардың құрылыс мәселелеріне мемлекеттік бақылауды күшейтуге және құрылыста пайдаланылатын материалдардан бастап, оларды пайдалану кезінде азаматтар мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне дейін салынып жатқан мәдениет және спорт нысандарын міндетті түрде мемлекеттік қабылдауға назар аударуы керектігін атап өтті.

Бүкіл республика бойынша бұқаралық мәдени және спорттық іс-шараларды өткізу мен реттеу алгоритмдерін қайта қарастырып, оларды ұйымдастырушылар, құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар қызметінің өзара әрекеттесу тетіктерін нақтырақ анықтау қажет. Іс-шараларды өткізу кезінде залдар мен үй-жайлар азаматтардың өлім тұзағына айналмауы керек, ұйымдастырушылар қажет болған жағдайда қосымша персоналды тартуы, кедергісіз кіруді қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ адамдарды қауіпсіз авариялық эвакуациялау қажет болған жағдайда ішкі істер органдары мен төтенше жағдайларды тартуы керек, – деп қосты Сарым.

Сондай-ақ Мәжіліс депутаты ең көп келетін мәдениет және спорт нысандары мен залдарының лаңкестікке қарсы, өртке қарсы және басқа да қауіпсіздігіне, қажетті сигналдық және өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етілуіне ревизия жүргізіп, олардың жұмыс жағдайында тексеріп отыру қажеттігін айтты.

Мәскеудегі теракт

22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.

24 наурызда Мәскеудің Басманский аудандық соты "Крокус Сити Холлда" адамдарға шабуыл жасады деп айыпталғандарды қамауға алды.

22 наурыздағы шабуыл үшін жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" (ИМ) тобы өз мойнына алған. АҚШ шенеуніктері бұл оқиғаның артында "Уәлаят Хорасан" (УХ) аймақтық ИМ ұяшығы тұрғанын айтқан.

Серіктес жаңалықтары