×
443.16
480.39
4.94
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.16
480.39
4.94

Біздің футболға не жетіспейді немесе футболды құтқару үшін Тоқаев жарлық шығаруы керек пе

09.04.2024, 15:01
Коллаж: Ulysmedia

Өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елімізде спортты дамытуға бөлінген мемлекет қаржысының оңды-солды есепсіз шашылғаны туралы ақпарат таратты.

– Соңғы 6 жылда бұл саланың бюджеті екі есеге өсіп, 1,4 триллион теңгені құрады. Дегенмен Қазақстанның әлемдік рейтингі тек бірыңғай төмендеп келеді. Салаға бөлінген бюджеттің 90 пайызы футболға қалған 10 пайызы бұқаралық спортқа жұмсалады. Яғни, теңсіздік бар, - деді ведомсвто басшысы Асхат Жұмағали.

Оның айтуынша, ел президентінің кәсіпқой футбол клубтарына бюджет пен жалақы мөлшерін шектеу туралы тапсырмасы орындалмаған, керісінше, соңғы 3 жылда 30 миллиард теңгеден астам сома артық төленген.

Өз еліміздің спорттық инфрақұрылымдарын дамытып, отандық футбол жұлдыздарын тәрбиелеудің орнына, шетелдік ойыншыларға ақша төлеуге және олардың спорт нысандарын жалға алуға бюджеттен миллиардтаған қаржы жұмсалып жатқаны кімге тиімді? Бұл сұраққа спорт журналисі, «KAZ-Football.kz – Казахстанский футбол» сайтының авторы Александр Ляхов тілшімізге түсіндірді.

МИЛЛИАРДТАР ҚАЙДА КЕТТІ?

- Александр Егорович, бүгінгі қазақ футболының жағдайына қандай баға бересіз?

- Нашар жағдайда. Ескі базалар мен стадиондар жөнделіп жатыр, бірақ олар заман талабына еш сәйкес келмейді. Стадиондар жаңадан салынса да, олар көп ұзамай жөндеуді қажет етеді. Оған дәлел «Астана» мен «Тұран». Олар басқа клубтардың стадиондарында ойнауға мәжбүр. Клуб иелері табиғи көгалдарды дайындаудың орнына, жасанды алаңдарға ақшасын шашқанды жөн көреді. Бапкерлердің жалақысы аз, т.б.

Александр Ляхов

- Осыншама жыл бюджеттен миллиардтаған қаржы бөлінгеніне қарамастан, қазақстандық клубтар әлемдік аренада бірде-бір елеулі табысқа қол жеткізген жоқ?

– Өйткені бұл миллиардтар қазақ футболын дамытуға тек қағаз жүзінде ғана жұмсалып жатыр. Ол ақша қайда және не үшін жұмсалып жатыр деген сұраққа жауапты Антикор беруі тиіс.

- Бұл қазақстандық клубтарға өзіміздің футболшыларды емес, шетелдік легионерлерді тартуға ұмтылған саясаттың сәтсіз болғанын білдіре мме?

– Өзің айтқан саясат кімнің мүддесін көздейді? Ол не үшін керек? Еуропалық жарыстарда біздің клубтар анау айтқандай жетістікке жете алмады, тіпті шетелдік легионерлермен де. Ал ұлттық құрама үшін клубтардың шетелдік ойыншыларды жаппай тартуы әрқашан зиянға шығып отырды. Өйткені ұлттық құрамаға шақыратын өзіміздің футболшылар болмады клубтарда.

 

КЛУБТАР ЖЕКЕМЕНШІК БОЛУЫ КЕРЕК!

 

- Бүгінгі таңда еліміздегі стадиондар көңіл көншітпейді, балалар мен жасөспірімдер футболына қажетті қаржы бөлінбейді. Қазақстан футболының дамуы туралы сөз қозғау үшін осы жағдайды түзетуге қанша уақыт пен ақша жұмсау керек деп ойлайсыз?

– Егемендік алғанымызға 30 жылдан асты. Қазір кәсіпқой футболға ақша жұмсауды тоқтатып, оның бір бөлігін спорт инфрақұрылымы мен жасөспірімдер футболын дамытуға жұмсасақ, 5-10 жылдан кейін алғашқы үлкен жеңістерге үміт артуға болады.

- Бүгінде қоғам белсенділері мен депутаттар футболға қыруар бюджет қаражатын құюды тоқтатуды талап етуде. Мұндай ұсыныстарға қалай қарайсыз?

ФИДЕ президенті Аркадий Дворковичпен

– Мен мұны біраз жылдан бері айтып келемін. Егер президент өз жарлығымен кәсіби клубтарды мемлекеттік бюджеттен қаржыландыруды алып тастаса, сонымен қатар бизнесмендерге бұл клубтарға инвестиция салуға жеңілдіктер берілсе, жағдай бірден өзгере бастайды. Клубтар жеке немесе ұжымдық меншікке айналғанда, олардың жетекшілері өз футболшыларын дайындау және сату, демеушілерді тарту, жанкүйерлермен жұмыс істеу, трансляция құқықтарын сату-сатып алу және т.б. туралы ойлана бастайды. Бүкіл өркениетті елде солай. Барлық клубтар мен ұлттық құрама сапына сол кезде нағыз талантты ойыншылар келе бастайды.

 

БӘРМЕНҚҰЛОВ – МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ҚОЛДАЙДЫ...

 

Қаңтар айында Қазақстан футбол федерациясы «шетелдік ойыншыларға шектеудің» күшін жойды. Бұл ережеге сәйкес, Қазақстан чемпионатының ойынында алаңға шыққан командада жеті шетелдік ойыншыдан аспауы керек болатын. Сіз бұл шешімді дұрыс деп есептейсіз бе?

- Мен бұл шешімді біздің футболға қарсы қылмыс деп санаймын. Өзіңіз қараңыз... 4-турдағы матчтардағы командалардың бастапқы құрамындағы шетелдіктер санына және маусымның бірінші жартыжылдығына командалардың өтінімдерінде (маусым-шілде айларында екінші тіркеу кезеңі, одан кейін жеңілген командалардың құрамы түбегейлі өзгеруі мүмкін):

«Қызылжар» (Петропавл) – «Жеңіс» (Астана) – 8–9 (13–12)

«Елімай» (Семей) – «Қайсар» (Қызылорда) – 7–7 (12–10)

«Қайрат» (Алматы) – «Жетісу» (Талдықорған) – 6–6 (9–9)

«Ақтөбе» – «Атырау» – 6–5 (10–12)

Шахтер (Қарағанды) – Астана – 6–5 (9–10)

«Тұран» (Түркістан) – «Ордабасы» (Шымкент) – 10–7 (11–11)

Бұл турдан қалыс қалған қостанайлық «Тобылдың» қатарында 11 шетелдік бар. Осындай сырттан келгендердің көптігінен біздің ойыншыларымызға орын болмайтыны анық. Ал не болды? Қазақстан чемпионаты енді ғана басталды. Ұлттық құрама сапына қабылданған екі жас шабуылшы – Абылайхан Жұмабек (Ақтөбе) мен Владимир Прокопенко (Астана) ортаңқол клубтарға жалдануға мәжбүр болды, өйткені олар өз клубтарында қалса, маусым бойы қосымша орындықта отыра беретінін жақсы біледі.

Үздік спорт фотографтарының бірі Никита Босовпен

- Айтыңызшы, Әділет Бәрменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті ретінде федерацияны басқарған екі жыл ішінде жағдай қаншалықты жақсарды?

– Керісінше, оның тұсында шетелдік ойыншыларға шектеу алынып тасталды. Соның арқасында, мысалы, «Тұран» - «Ордабасы» матчында алаң иелерінің негізгі құрамында 10 шетелдік ойыншы шықты (матч Шымкентте өтті)! Абсолютті рекорд қойылатын еді, тек қос клубтың қақпашылары Қазақстан төлқұжатын алғандықтан, олар шетелдік легионерге саналмайды. Міне, жағдайымыз осындай.

Бәрменқұловтың қызметінен жақсы ештеңе көріп тұрғаным жоқ. Мүмкін ол жеңіл-желпі шараларға қатысып жүрген шығар, бірақ жалпы алғанда, клубтардағы шетелдік ойыншылардың үстемдігі жалғасып жатқанда, қазақстандық футболдың дамуы туралы айта алмаймыз. Менің білуімше, Бәрменқұлов футболды мемлекеттен қаржыландыру тәжірибесін қолдайды. Ал бұл саясат - балалар мен жасөспірімдер және бұқаралық спортты дамытудың қас жауы. Бәрменқұлов бар жерде мемлекет қаржысын талан-таражға салу, жемқорлық дегендерің жалғаса береді.

Ulysmedia.kz еліміздегі ең қымбат спорт түрі неліктен аутсайдерлер қатарында қалғанын түсінуге тырысуда.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін «қазақша футбол» дегеніміз не деген сұраққа жауап іздеген едік. Іздене келе федерация президенті Әділет Бәрменқұловтың сөзі басқа, өзі басқа екеніне көзіміз жетті.

Серіктес жаңалықтары