×
462.91
542.16
6.16
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
462.91
542.16
6.16

Астанада шоу жасаған қыздар жазаға тартылды

Астанада шоу жасаған қыздар жазаға тартылды
Фото: видеодан скриншот

Астанада екі қыз қоғамдық орындарды әдейі ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Екі жағдай да әлеуметтік желіге жариялау үшін видеоға түсірілген.

Бірінші жағдайда елорда тұрғыны «Бәйтерек» монументінің жанында алкоголь құйылған бөтелкені ашып, ішіндегісін шашып, аумақты ластаған. Екінші жағдайда қыз қоғамдық орында орындықта отырып, сусынды әдейі төккен. Екі дерек бойынша да материалдар жиналып, сотқа жолданды.

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Аталған фактілер бойынша құқық бұзушылар ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мұндай әрекеттерге жол берілмейтіні ескертілді. Бұл тек заң бұзушылық қана емес, айналадағы адамдарға, коммуналдық қызметкерлердің еңбегіне және қала тұрғындарына деген құрметсіздік болып саналады. Осындай құқық бұзушылықтар алдағы уақытта да тоқтатылатын болады.

Серіктес жаңалықтары