×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Цукерберг көне ме: Онлайн платформа иелерін Қазақстанда тіркеу міндеттелмек

15.09.2021, 14:54
Цукерберг көне ме: Онлайн платформа иелерін Қазақстанда тіркеу міндеттелмек
фото: ашық дереккөзден

Бүгін мәжіліс депутаттары шетелдік әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің меншік иелерін мемлекеттік тіркеуден өтуге немесе республикада филиалдар ашуға міндеттейтін түзетуді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бұндай норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында бар. Бұл заң жобасын параламентшілердің өздері әзірледі. Құжатты палата отырысында таныстырған депутат Динара Зәкиева аталған норма туралы бір сөз де айтпады. Дегенмен мәжіліс сайтында жарияланған заң жобасында бұл норма бар.

«Қазақстан Республикасы аумағында қызмет атқару үшін шетелдік онлайн-платформа немесе жедел хабарламалар алмасу сервисінің меншік иелері және (немесе) басқа да заңды өкілдері заңды тұлғаны міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өткізеді немесе шетелдік заңды тұлғалардың филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуден өткізеді. Тіркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген», - делінген құжатта.

Шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан аумағында онлайн-платформа филиалдары немесе жедел хабарламалар алмасу сервисінінің басшылары бола алмайды. Егер шетелдік әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің иелері Қазақстанда тіркеуден өтпесе немесе филиал ашпаса, онда олар бұғатталады. Ендеше, Цукерберг, Дуров, WhatsApp иелері Қазақстанда филиалдарын ашып, тіркеуден өту үшін елімізге асыға ма екен? Бұл әрине риторикалық сұрақ…

Аталған норма кибербуллингке қарсы қабылданған шараның бірі болуы мүмкін. Енді осы түзетуі бар заң жобасы мәжілістің екінші оқылымында және сенатта қаралады.