×
443.03
480.38
4.91
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.03
480.38
4.91

Министр Бағдат Мусин қызметінен кетті

30.04.2024, 19:03

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының жарлығымен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды, - делінген Тоқаевтың жарлығында.

«Мусин «Қазақтелекомды» басқарады»

Бұған дейін Қазнетте "Қазақтелеком" ұлттық компаниясын Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин басқаратыны туралы ақпарат тараған еді. Алайда бұл ақпаратты министрлік жоққа шығарды.

Әлеуметтік желілерде министр Б.Мусиннің басқа қызметке ауысатыны туралы жарияланымдарға қатысты мынаны хабарлаймыз. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бүгінгі күні өз қызметін жалғастыруда. Таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, былтыр қазақстандықтар Бағдат Мусиннің отставкаға кетуін талап ететін петицияға қол қойған болатын.

Серіктес жаңалықтары