×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қызметінен босатылды

Коллаж: Ulysmedia.kz

Ақорданың хабарлауынша, тиісті жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Ақордада Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін Мағзұм Мырзағалиевтің «ҚазМұнайГаз» басшысы қызметінен босатылғаны белгілі болған еді.

ҚМГ басшысының ауысуы туралы хабардан кейін көптеген басылым ақпарат көздеріне сілтеме жасап, салмақты кадр – Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың орнынан босатылып,  басқа қызпетке тағайындалатыны туралы ақпарат тарады.

Түрлі инсайдерлер ҚМГ бұрынғы басшысы Мағзұм Мырзағалиевке Маңғыстау облысы әкімінің орнын болжап та үлгерді.

Сонымен қатар, бір күн бұрын Маңғыстауда ҰҚК департаментінің басшысы ауысқаны белгілі болды. Жарияланған мәліметтерге сәйкес, ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы болып ұлттық қауіпсіздік полковнигі Әміров Серік Әмірұлы тағайындалды. Ол бұл қызметте Бақытжан Валениязовты ауыстырды.

Нұрлан Ноғаев

Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып үш жылға жуық жұмыс істеді - ол 2021 жылдың қыркүйегінде тағайындалды. Оған дейін ол Қазақстанның энергетика министрі қызметін атқарған. Ноғаев әкім кезінде 2022 жылы ереуілдер мен Маңғыстау облысында көптеген еңбек жанжалы болды.

 

Серіктес жаңалықтары