×
441.8
480.02
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.8
480.02
4.88

«ҚазМұнайГаз» АҚ-да ауыс-түйіс: Мырзағалиевтің орнын Хасенов алмастырды

Коллаж: Ulysmedia.kz

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жаңа басқарма төрағасының ұжымға таныстырылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

«Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов ұжымды ұлттық компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетін күнге дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы міндетін атқару жүктелген Асхат Хасеновпен таныстырды.

Жақыпов сонымен қатар Мағзұм Мырзағалиевке ҚМГ басшысы ретінде атқарған қызметі үшін алғыс айтты.

Хасенов туралы не белгілі

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ мұнай-газ өндіру цехында 3-разрядты оператор болып бастады. Осы жылдар ішінде мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарды.

2022 жылғы қаңтардан 2024 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі қызметін атқарды. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Мырзағалиев

Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басшысы болып 2022 жылдың сәуірінде тағайындалған болатын. Бұған дейін бірнеше жыл Мұнай және газ вице-министрі қызметін атқарған, Энергетика министрінің орынбасары, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі, Энергетика министрі болған.

Серіктес жаңалықтары