×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Үкімет: Жұмыспен қамту жоспары 100% орындалды

15.11.2021, 12:55
Үкімет: Жұмыспен қамту жоспары 100% орындалды
Фотода: ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин

Елімізде жұмыспен қамту жоспары 100% орындалып, 1,2 млн адам мемлекет көмегінің арқасында нәпақа табу мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің БАҚ басшыларымен кездесуіне сілтеме жасай отырып, Ulysmedia.kz хабарлайды.

Аталмыш тұста “Еңбек” бағдарламасы мен Жұмыспен қамтудың жол картасы және де өзге де “Нұрлы жер”, “Нұрлы жол”, ауылшаруашылық саласын дамыту сияқты мемлекеттік жобалар, жеке бастамалар жүзеге асқан.

“Әлеуметтік міндеттемелерді орындау тұрғысында 2023 жылға дейін 651 мың адамның еңбекақысы біртіндеп арттырылады”, – деді Үкімет басшысы Асқар Мамин бұл жерде мұғалімдер мен дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлердің жекелеген санаттары әңгіме болып отырғанына нұсқап.

Мәселен мұғалімдер 2023 жылға қарай 2 есе көп, яғни 375 мың теңге алады деп көзделсе, дәрігерлер 3 есе мол, 561 мың теңге айлықты еншілемек. Орта медицина қызметкерлері де ұмытылмай, 229 мың теңге жалақыны қанағат тұтпақ. Жолдау аясында кітапханашы, мұрағатшы, мұражайтанушы және орманшы сынды 600 мың азаматтық қызметшінің еңбекақысы 4 жылда 2 есе өседі деп көзделуде. Осы орайда ең төменгі жалақы алдағы уақытта 42 500-ден 60 мың теңгеге ұлғаятыны аян.