×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Құлсары тұрғыны тікелей эфир кезінде Тоқаевты шайға шақырды

17.11.2021, 15:00
Құлсары тұрғыны тікелей эфир кезінде Тоқаевты шайға шақырды
Коллаж: ulysmedia.kz

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысы Ақорданың Facebook-парақшасында тікелей эфирде көрсетілді. Мәжіліс қыза келе, жазба астында пікірін қалдырған жұрттың қатары да толастамады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ең жиі қозғалған мәселелер қатарында әлбетте баспана мен жалақы, баға жайы алдыңғы қатарға шықты. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың да шағымы аз болмады. Тіпті Медетғали Нұрғазиев есімді қолданушы Мемлекет басшысын Құлсары қаласына, үйіне шай ішіп кетуге шақырды. Шамасы осылайша аталған азамат еліміздегі бірінші тұлға жергілікті жағдайды өз көзімен көрсе, біраз қордаланған түйткіл шешімін тауып қалар деп ойласа керек. 

Ұлттық кеңестің жиыны 1,5 сағатқа созылды. Ақ орданың «Фейсбукте» өткізген тікелей эфиріне 330 пікір жазылған. Пікір алаңына жиналған қазақстандықтар зейнет жасын төмендету, экология, тіл жайттарын да қозғады.

Бізге жеткен дерекке сенсек, Президент Әкімшілігі құзырлы министрліктермен тиісті сауалдар бойынша жұмыс жүргізіп, мән-жайын анықтай бастаған.