×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан мен Өзбекстан бір-бірімен одастастықты дамыту бағдарламасын бекітеді

08.08.2024, 12:19
Қазақстан мен Өзбекстан бір-бірімен одастастықты дамыту бағдарламасын бекітеді
Ақорда

Ақордада Қазақстан-Өзбекстан жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТАТУ КӨРШІ, СЕНІМДІ СЕРІКТЕС

Отырысқа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысуда. Әуелі сөз алған Тоқаев шақыруды қабыл алып, Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгені үшін президент Шавкат Мирзиёевке шынайы ризашылығын білдірді.

– Туысқан өзбек халқының басшысын қазақ жерінде қарсы алу біз үшін үлкен құрмет, мәртебе. Өзбекстан қазақ еліне бауырлас мемлекет, тату көрші, маңызды әрі сенімді серіктес. Халықтарымыздың мызғымас достығы ортақ тарихқа және құндылықтарға негізделген”, - деді отырысты ашқан Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы қазақ-өзбек қатынасы стратегиялық серіктестік және одастастық рухында тұрақты дамып келе жатқанын баса айтты.

– Біз Өзбекстанмен ынтымақтастықты нығайта түсуге айрықша көңіл бөлеміз. Былтыр одақтастық қатынастар туралы тарихи шартқа қол қойдық. Бүгін алдағы 10 жылға арналған стратегиялық әріптестікті және одастастықты дамыту бағдарламасын бекітеміз. Осы маңызды қадамдар екі елдің байланысын дамытуға айрықша серпін береді деп сенеміз, - деді Тоқаев.

БҰЛ САПАР ТАРИХИ МӘНГЕ ИЕ

Өзбекстан Президенті көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының маңызына тоқталды. 

– Бұл сапар тарихи мәнге ие. Бүгінгі кездесуіміз екі халық арасындағы сан ғасырға жалғасқан достық және тату көршілік қатынастардың тінін нығайта түсіп, стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды жаңа деңгейге көтереді, – деді Шавкат Мирзиёев.

Келіссөз барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзит, инвестиция, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, мәдени-гуманитарлық және өнеркәсіп кооперациясы салаларындағы ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырды.

Президенттер қазақ-өзбек қатынастары барлық бағыт бойынша өркендеп келе жатқанын атап өтКЕН.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев кеше Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайында қарсы алды.