Бұл туралы Мемлекет басшысы Алматыда қаржы саласының өкілдерімен кездескенде айтты деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемлекет басшысы атом энергетикасын дамытудың өзектілігіне, соның ішінде Атом электр станциясын салу мәселесіне ерекше тоқталды.
«Түптеп келгенде, біз бұл мәселеге қатысты нақты шешімге келеміз деп ойлаймын. Қазақстанда электр энергиясының тапшылығының алғашқы белгілері қазірдің өзінде байқалады. Әрине, электр қуатының жаппай жетіспеушілігі туындаған жоқ. Әзірге тепе-теңдік бар. Алайда алғашқы белгілері білінуде. Сондықтан болашақты ойласақ, біз атом станциясының құрылысына қатысты қолайсыз (Ақорда сайтында қазақша – нақты, орысша – непопулярные по своей сути решения деп берілген – ред. еск.) шешім қабылдауымыз керек. Басшының міндеті де тиімді (тағы да орысша – непопулярные решения – ред. еск.) шешім қабылдау», – деді Президент.
Еске сала кетсек, кейінгі кезде ел өңірлерінде электр қуаты сөндіріле бастады. Оны құзырлы орындар майнерлердің желіге шамадан тыс ауыртпалық түсіруімен байланыстырады.