×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Үкімет басшысы Өзбекстан Президентін шығарып салды

06.12.2021, 20:28
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевті Үкімет басшысы Асқар Мамин шығарып салды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ақорданың мәліметінше, Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі ел президенттері Өзбекстан елшілігінің жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Елшіліктің ғимараты Тәуелсіздік даңғылының бойында, «Хазірет Сұлтан» мешітіне жақын жерде орналасқан.

Мемлекеттер басшылары салтанатты шарада лента қиған соң, Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев елшіліктің жаңа ғимаратын аралап шықты. 

Еске сала кетсек, Өзбекстан президентін ұшақтан Тоқаевтың өзі күтіп алған болатын.

Серіктес жаңалықтары