×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Еңбек министрлігі зейнетақы шегін есептеуге қатысы жоқтарын айтты

07.12.2021, 15:36
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылға белгіленген зейнетақы жинағының ең төмен жеткіліктілік шегінің мөлшеріне байланысты қолданыстағы заңнамаға да, нормативтік-құқықтық актілерге де ешқандай өзгеріс енгізбегендерін мәлімдеді деп хабарлайды Ulysmedia.

Әлеуметтік салаға құзырлы мекеме барлық есеп айырысуларды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүргізетінін атап өтті.

Министрлік мамандарының түсіндіруінше, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңына сәйкес жеткіліктілік шегі – белгілі бір жастағы салымшы үшін зейнетақы жинағының ең төменгі қажетті сомасы, ол БЖЗҚ-ға тұрақты 10% жарналарды ескере отырып, болашақта оны ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде зейнетақы төлемдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дегенмен, зейнетақы мөлшерін Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған деңгейде (жоғалтылған табыстың 40%-ынан төмен емес) қамтамасыз ету үшін, Еңбекмині, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін (бұдан әрі – әдістеме) әзірлегендерін айтады. Ол мынадай көрсеткіштерді қамтып отыр:

- БЖЗҚ табыстылығының жылдық пайыздық мөлшерлемесі;

- БЖЗҚ-ға төленетін зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесі;

- ең төменгі зейнетақы мөлшерін индекстеу мөлшерлемесі;

- жыл сайынғы индекстеумен жалақының ең төменгі мөлшері;

- ең төменгі мөлшердегі базалық зейнетақыны есептеу үшін индекстеуді ескере отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері;

- міндетті зейнетақы жарналарының болжамды жиілігі;

- зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бастапқы және шекті жасы.

«Жоғарыда аталған көрсеткіштердің кез-келгенін өзгерту автоматты түрде жеткіліктілік шегін қайта есептеуге алып келетінін атап өту қажет. Осыған байланысты Еңбекмині әдістеме бекітілгенге дейін жеткіліктілік шегі жыл сайын қайта есептелетіні туралы бірнеше рет (2020 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейінгі кезеңде) хабарлады. Еңбекмині әзірлеген әдістемені бекіту туралы ҚР Үкіметі қаулысының жобасы нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау кезінде көзделген барлық қажетті рәсімдерден өткізілді:

- 2020 жылдың 29 қарашасында Ашық НҚА порталында қоғамдық талқылау өтті; 

- 2020 жылғы 4 желтоқсанда ол Еңбекминінің интернет-ресурсында орналастырылды, онда 10 күн ішінде оған пікірлер мен ұсыныстар жиналды;

- барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісуден өтті. 

Бұл әдістеме ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 қаңтардағы №1 қаулысымен бекітілген», – делінген министрлік 2021 жылғы 7 желтоқсан таратқан баспасөз мәслихатында.

Еңбекмині өкілдері «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңға сәйкес, зейнетақы жүйесінің жинақтаушы сегментінде саясатты іске асыруды, оның ішінде жоғарыда көрсетілген әдістеме негізінде жеткіліктілік шегін есептеуді бірыңғай оператор БЖЗҚ атынан жүзеге асыратынын ескертеді. Сондай-ақ, заң жүзінде БЖЗҚ-ның өз қызметі туралы консультативтік және түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру міндеті тікелей көзделген.

«Тиісінше, Еңбекмині ондай құзыретке ие емес, сондай-ақ БЖЗҚ есептейтін ең төменгі жеткіліктілік шектерінің анықтығын қандай да бір растауға мүмкіндік беретін мәліметтері болмайды», – дейді министрлік өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қаңтарында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді, ол азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту, емделудің ақысын төлеу, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалану құқығын берді. Бұл құқықты тұрақты зейнетақы жарналарын аудару есебінен жеткіліктілік шегінен асатын жинақтары бар салымшылар пайдалана алады. Азаматтардың пайдалануы үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары тек аударылған зейнетақы жарналарын ғана емес, сонымен бірге алынған инвестициялық табысты да қамтиды.

Еске сала кетсек, кеше Алматыда белсенді жеткіліктілік шегін көтеруге қарсы жалғыз пикет өткізіп, БЖЗҚ филиалының басшысы тек орындаушы екендерін, барлық сұрақ бойынша Үкіметке жүгіну керектігіне сілтеді.

Серіктес жаңалықтары