×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Пикет: Алматыда белсенді зейнетақы шегін төмендетуді талап етті

06.12.2021, 16:03
Фото: vlast.kz

Алматыдағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ғимараты алдында белсенді зейнетақы шотындағы артық қаржыны алуға қажет төменгі соманы көтеруге қарсы пикет өткізді деп хабарлайды Ulysmedia.

Дархан Шәріп, керісінше, зейнетақы жинағын ертерек алуға мүмкіндік беретін жеткілікті сома деңгейін төмендету керек деп санайды.

«Өз жинағымды алатын жағдайға жетіп едім. Енді мені бұл мүмкіндіктен айырып жатыр. Мен мұнымен келіспеймін. Заң күшін жойып, керісінше шекті мөлшерді азайтуды талап етемін. Өйткені адамдар үйге, баспанаға жинай алмай отыр. Баға бүгінде өсіп кетті.  Салынып жатқан пәтерім бітпесе де 30%-ға қымбаттап, ипотеканы төлеуге мәжбүрмін. Басқа адамдар тіпті пәтерді қалай алатынын түсінбеймін», - дейді ол.

Астанада болса, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілі мен Парламентке барар едім деген белсенді, қарапайым бұқара қажетті қаржыны жинайтындай айына 500 мың теңге жалақы таппайтынын айтты. Қисынсыз сандарды ешкім түсіндірмейтініне қынжылған Дарханға шыққан БЖЗҚ алматылық филиалының басшысы тек орындаушы екендерін, барлық сұрақ бойынша Үкіметке жүгіну керектігіне сілтеді.

Серіктес жаңалықтары