×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тоқаев халық табысының өсу қарқыны баяулағанын айтты

07.12.2021, 19:32
Тоқаев халық табысының өсу қарқыны баяулағанын айтты
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ақорданың мәліметінше, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы реформаларды іске асыру жөнінде Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов баяндама жасады. Ол әлеуметтік кодекстің әзірленуі, зейнетақы жүйесінің жаңғыртылуы туралы айтты. Аталған мәселе бойынша Президенттің экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Сэр Сума Чакрабарти де өз пікірін білдірді.

Президент халық табысының өсу қарқыны баяулап, әлеуметтік теңсіздік мәселесінің ушығуы басты түйткілдердің бірі деп санайды. Оның айтуынша, бүкіл әлемдегідей Қазақстанда да бизнес пен халыққа қолдау көрсету үшін дағдарысқа қарсы әртүрлі шұғыл бастамалар мен шаралар жүзеге асырылды. Бұл тәуекел-қатерлерді азайтуға және еліміздің экономикалық ахуалын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.

«Үкімет тиісті шараларды қабылдады деп санаймын. Пандемиядан сабақ алып, әлеуметтік саясатымызды жаңа жағдайларға жүйелі түрде бейімдеуіміз керек. Жалпы, ұсынылып отырған мақсаттар мен міндеттерді қолдай отырып, әзірленіп жатқан Әлеуметтік кодекстің жаңа «қоғамдық шарттың» негізгі бөлігіне айналуы қажет екенін айтқым келеді. Кодекс бойынша мемлекет жаңартылған әлеуметтік міндеттемелердің орындалуына кепілдік береді. Алайда, барлық қазақстандық болашағын ойлап, өздеріне жауапкершілік пен міндеттемелер ала бастауы керек. Әлеуметтік жаңғырудың барлық құралы нақты жұмыс істеп, азаматтар мен бизнес үшін түсінікті болуға тиіс», - деді Президент.