×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Қазақстан АҚШ пен Түркиядағы ЛРТ айыпталушыларын ұстай алмай отыр

13.12.2021, 14:01
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Интерпол сайтында «жоқ» LRT ісі айыпталушыларының  халықаралық іздеуде «бар» екенін айтады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

«Астана қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына және LRT, BRT/ITS жобаларын іске асыруға бөлінген ақша қаражатын жымқыру деректері бойынша өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық іс аясында Т. Арданға және Қ. Сұлтанбековке «қызыл бюллетень» бойынша (қамауға алу және экстрадициялау мақсатында) халықаралық іздеу жарияланды», – деп растады бүгін Антикор.

Т. Арданның Түркияда орналасқандығы анықталып, сот оны қамауға алу үшін сырттай санкция берген. Агенттіктің сендіруінше, аталған мемлекеттің құқық қорғау органдары оның орналасқан жерін анықтау және ұстау шараларын жүргізуде.

Қ. Сұлтанбековтің де АҚШ аумағында екендігі айқындалған. Оны ұстау және экстрадициялау туралы өтініштер бірнеше рет жолданғанымен, АҚШ тарапымен қылмыскерлерді ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауы мәселені қиындап отырғаны мәлімделуде.

«Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – Интерполдың талаптары мен ережелеріне сәйкес, оның жария веб-сайтында қылмыскерді іздестіру және оларды жариялау туралы мәліметтер зор қоғамдық резонанс тудырған, сондай-ақ қоғамға жоғары қауіп төндіретін (кісі өлтіру, терроризм, экстремизм және т.б.) қылмыстар жасаған адамдарға қатысты жарияланатынын атап өткен жөн. Дәл осы талаптар іздестірілетін адамдарды бәріне қолжетімді тізімге қосуға негіз болады. Жария веб-сайтта мәліметтерді жариялау туралы түпкілікті шешімді Интерполдың бас хатшылығы (Лион, Франция) қабылдайды», – дейді жемқорлықпен күресуші мекеме мамандары.

Осылайша, іздестіріліп жатқан Қ. Сұлтанбеков пен Т. Арданның жария сайтта болмауы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің уәжінде жазылғандай, олардың Интерпол дерекқорында жоқтығын білдірмейді.

Серіктес жаңалықтары