×
524.75
540.6
5.12
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.75
540.6
5.12

Мемлекет енді Қазақфильмді тікелей қаржыландырады

Бүгін, 18:30
Мемлекет енді Қазақфильмді тікелей қаржыландырады
Ulysmedia коллажы

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бүгін мәдениет саласында бүгін қол қойылған заңдардың маңызын түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАНДАЙ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Ақорда бүгін президенттің мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша заңдарға қол қойғанын хабарлады.

Түзетулердің бірінші блогы мемлекеттен бастапқы білім беру капиталы, жыл сайын төленетін мемлекеттік сыйлықақы және инвестициялық табыс қарастырылған, сондай-ақ бес жастан асқан балаларды қамтитын «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу мақсатында әзірленген. Екінші блогы креативті индустрияны қолдау, соның ішінде әр облыс орталығында және ірі қалаларда креативті индустрия орталықтарын қалыптастыру, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру тұрғысынан көмектесу шараларын қамтиды. Заңға сәйкес мәдениет және ақпарат министрлігіне креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету, ынталандыру қағидаларын әзірлеу және бекіту құзыреті беріледі.

БҰЛ НЕНІ БІЛДІРЕДІ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның хабарлауынша, заңға сәйке, елдегі басты киностудия - Шәкен Айманов атындағы Қазақфильмінің жұмысына жаңа даму кезеңіне қадам баспақ. Енді жыл сайын фильмдерге бөлінетін жалпы қаржының кемі 30 пайызы тікелей Қазақфильмге бағытталады.

Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша креативті индустрияға қолдау көрсетуге арналған мемлекеттік шаралар кешені әзірленген. Осыған сәйкес таланттарды ашу және жобаларды жүзеге асыру, инфрақұрылымды дамыту қазақстандық креативті өнімдер мен қызметтерді халықаралық нарықтарда ілгерілету үшін әлеуетті инвесторларды тартатын арнайы креативті индустрияны қолдау қоры өз жұмысын бастайды. Креативті индустриялар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша өкілетті мемлекеттік органның құзыреті де нақты бекітілді.

Енді министрлік бұл сала үшін қаржылай және қаржылай емес қолдау шараларын әзірлейтін болады. Осындай өкілеттіктер жергілікті атқарушы органдарға да берілді. Бұл өңірлердегі шығармашылық хабтарды құруды және олардың жұмысын жеңілдетіп, аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, мақсатты мемлекеттік қолдау шараларын енгізуге жол ашадығ – дейді Аида Балаева.

Президент «Ана тілі» газетінде берген сұхбатында атап өткендей, мемлекеттік креативтік экономика саласының дамуына әрі қарай да қолдау көрсетеді. Мемлекет басшысының шығармашылық және кеативті индустрия мемлекеттік тілді дамыту ісіне пайдасын тигізе алатынын айтқан. Яғни қазақстандық және әлемдік нарықтарда қаржылық тұрғыдан тиімді әрі сұранысқа ие қазақ тіліндегі контент, әдебиет, музыка кино, сериалдар, компьютерлік ойындар жассау арқылы дами түсетіні тиіс.

Сондықтан, бұл креативті индустрия саласындағы жаңашылдықтардың бір бөлшегі екені сөзсіз. Қазір сенат пен мәжілісте осы болашағы зор сектормен жұмыс істеудің қазақстандық моделін толықтай қалыптастырып, жүйелендіретін қосымша қолдау шаралары талқылануда. Бұл өз кезегінде нәтижелі жұмыстарға жол ашады деп сенеміз, – дейді министр.

Бұған дейін Аида Балаева “қазір Қазақфильм кинокомпаниясының жағдайы өте ауыр, атап айтқанда инфрақұрылым қатты зардап шекті” деген еді. Сондықтан министрлікте менеджмент тәсілі қайта қаралған.