×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қонаевқа Бауыржан Момышұлының келіні шапан жапты (ВИДЕО)

Фото: бейнежазбадан көшірме

Желіде тараған көне бейнежазба оны көрген жұртты тебірентіп, ұлылардың арасындағы терең сыйластыққа тәнті етті деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Онда Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова Дінмұхамед Қонаевтың иығына түйе жүнінен жасалған шапанды жауып, тұлғадан  «Айналайын, бақытты бол!» деген алғыс лебізін естиді. Үй ішіндегілер де түгел түрегеліп, тиісті ықыласқа ризалығын білдіреді.

 «Анау-мынау пүліш емес. Керемет бақыттымын мен, сізге келгеніңізге мың да бір рахмет!», – дейді батырдың тәлім-тәрбиесін көрген келіні ибалы мінезбен.

Дұға жасалып, бет сипаған қадірлі меймандар дастарханнан тұрады. Содан олар сыртқа дейін шығарып салынып, Дінмұхамед Қонаев қара түсті көлікке жиналған халықпен жылы қоштасып, мініп кетеді.

«Димаш атамыз бен Бауыржан атамыздың жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын!», «Алыптар буыны», «Бауыржан атамыз көзінің тірісінде аңызға айналған тұлға болды, Қонаев атамыз да. Ұлы көшбасшылар осы кісілер еді. Қазір кім бар?», – деп жазып жатыр пікір алаңындағылар.

Серіктес жаңалықтары