Айбек Смадияров халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Ол сонымен қатар ҚР СІМ ресми өкілі қызметін атқара береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Айбек Смадияров халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалғаны хабарланды.
Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалғанға дейін Айбек Серікбайұлы Смадияров 2023 жылғы маусымнан бастап ҚР СІМ коммуникациялар департаментінің директоры – ресми өкілі қызметін атқарды.
Айта кетейік, Смадияров Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметін жеті жылдан бері басқарып келеді. Жалпы, оның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіндегі еңбек өтілі – 19 жыл.