×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Министр Стати ісіне қанша қаржы жұмсалғанын ашып айтпады

29.12.2021, 13:53
Министр Стати ісіне қанша қаржы жұмсалғанын ашып айтпады
Фото: Ulysmedia.kz

Қазақстан молдовалық кәсіпкер Анатолий Стати және оның ұлы Габриэль Стати талап еткен 540 миллион доллар өтемақыны төлемейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді.

Брифинг барысында Қазақстан Стати талап етіп отырған 500 млн доллардан астам қаражатты төлей ме, деп сұраған журналист сауалына министр Қазақстан Стати талап етіп отырған ақшаны төлемейтіндігін айтты.

Сонымен қатар ведомство басшысы Қазақстанның сот шығындары үшін қанша қаражы талап етіп отырғанына да тоқталды.

«Бұл шығындарды түрлі жолмен есептеуге болады. Заңгерлерге жұмсалған тікелей шығынды бірінші блокқа жатқызуға болады. Екінші блок – репутациялық шығындар. Үшіншіден, ақша қаражаты арнайы шотқа орналастырылған, Ұлттық банкі осы іс бойынша бұғатталған қорлардың шотынан шектеу қойылған кезде жоғалтқан табыстарын талап ете алады», – деді Марат Бекетаев.

Сондай-ақ, министр Молдовада тұратын кәсіпкерді алаяқ деп атай отырып, өзгелерге бұл істің сабақ болатынын жеткізді.

«Оның негізгі шоттары басқа да сот процестері бойынша бұғатталған. Онымен істес болған кредиторлар өте көп. Оның қылмыстық әрекеті бір жыл ғана жүріп жатқан жоқ. Статиге қарсы іс жүргізіп жатқан Қазақстан ғана емес. Келешекке үңілсек, толық соманы өндіріп алу мүмкін болмайтын да шығар. Бұл жерде Қазақстанның осындай алаяқтарды анықтауға, осындай агрессивті әрекеттерге қарсы тұруға қажетті ресурстары бар екенін дәлелдеу маңызды. Ал негізгі ойыншылар жалпы халықаралық қор нарығында және халықаралық инвестициялық нарықта бұл сигналды алғанда, олар Қазақстанның дамып жатқанын, Қазақстанның құқықтық жүйесі дамып келе жатқанын түсінетін болады. Сәйкесінше, Қазақстанға тіпті қажет жерде инвестициялауға болады. Бұл да барлық қылмыскерлерге, алаяқтарға қатысты. Олардың Қазақстанға еш қатысы жоқ екенін білсін. Олар дереу анықталып, жазаланады», – деді ведомство басшысы.

Министр Қазақстанды сотқа берген молдовалық бизнесмендер Стати ісіне қанша қаржы жұмсағанын ашып айтпады және Статимен сотқа Қазақстан 300 млн-нан астам доллар жұмсалды деген ақпаратты терістеді.

«Стати бұл соманы әдейі қосып айтты. Қолданылатын процедураларға сәйкес, Бельгия мен Америка Құрама Штаттары шағымдар бар екенін тиісті түрде мәлімдейді, бірақ процестің басталуы міндетті түрде соманы білдірмейді. Бұл сома процестің барысы арқылы көрсетіледі. Есептеулер негізінде. Шығынды дәлелдеу үшін жай ғана мәлімдеу жеткіліксіз. Бұл залал аудиторлық есептермен расталуы керек. Яғни, қандай да бір нақты соманы болжауға әлі ерте», – деді министр.

Еске сала кетейік, 2021 жылғы 16 қарашада Брюссельдің апелляциялық соты Стати тарапынан алаяқтық іс-әрекеттер туралы қорытынды негізінде төменгі соттың Бельгияның аумағында төрелік шешімді тану және орындау туралы шешімінің күшін толығымен жойды. Қазақстан Ұлттық Банкі Ұлттық қордың 536 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі «қатырылған» активтері босатылғанын, кері қайтарылатынын мәлімдеген еді.

Молдовалық бизнесмен Стати мен Қазақстан билігі арасындағы сот бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Қазақстанның мұнай саласына инвестиция салған кәсіпкерлер Қазақстанның мемлекеттік органдары өзін «инвестициясын тым арзанға сатуға мәжбүрлегенін» айтқан. Қазақстан бұл айыптауды терістеп, Статиді «алаяқтық жасады» деп айыптап келеді.