×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Саяси белсенді Нұржан Әлтаев 2 млн теңге алимент төледі

29.12.2021, 14:07
Саяси белсенді Нұржан Әлтаев 2 млн теңге алимент төледі
Фото: Ашық дереккөзден

«Ел тірегі» бастамашыл тобының ұйымдастырушы Нұржан Әлтаев алимент бойынша борышкер, сондай-ақ биыл алиментін кешіктіріп төлегендіктен, айыппұлмен қосып 2 млн теңге төлеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Әділет министрі Марат Бекетаев журналист сауалына жауап бергенде атап өтті.

Ол саяси партия ретінде тіркелу туралы өтініш берген бастамашыл топтардың не себепті тіркеле алмауының себебіне тоқтала келе, «Ел тірегі» бастамашыл тобының неге тіркеуден өте алмай жүргенін мысалға келтірді.

«Оның негізгі ұйымдастырушысы – Нұржан Әлтаев. Ол бірнеше рет түрлі алаңдарда, түрлі форумдарда өздерін негізсіз тіркемегенін мәлімдеді. Мұнда екі мәселені атап өту керек. Құжаттарын қайта-қайта ұсынғанымен, іс жүзінде өзгертілмеген. Біз анықтап көрсеткен кемшіліктерді түзетпестен 16 рет ұсынды. «Неге олай істеп жүр?» деген сұрақ туындайды. Мүмкін, тіркеуден өте алмай жүрген саяси құрбанның бейнесін жасағысы келтін шығар. Құжаттарын өзгертпестен әкеле бергендіктен, біз оны тіркеуден бас тартатынымызды мәлімдеуге мәжбүрміз», – деді Марат Бекетаев.

Сондай-ақ, министр Нұржан Әлтаевті жеке қабылдағанын және оның алимент төлеуден жалтарғанын да атап өтті.

«Жеке қабылдауға келгенде тағы сол шағымын айтты. Мен оған құжаттарын ретке келтіру керек екенін айтып, кеңес бердім. Оның іс-әрекетіне баға берейін деп отырған жоқпын, кейбір деректерді айтайын. Нұржан Әлтаев бірнеше рет алимент төлемей борышкер болған. Бірнеше рет сот орындаушы хабарлағанда ғана төледі. Соңғы рет биыл жазда шамамен 2 млн теңге төледі. Алимент кешіктіріліп өтелгендіктен, әкімшілік айыппұл да төледі. Осымен тоқтайын», – деді министр.

Еске сала кетейік, 2020 жылы «Nur Otan» партиясының қатарынан шығып, өз алдына бөлек партия құрғысы келген Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың депутаттық өкілеттігі тоқтатылған болатын. Экс-депутаттың бес баласы бары айтылады.