×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Тоқаев: ҰҚШҰ бітімгерлік күштері 10 күн ішінде шығарылады

11.01.2022, 10:29
Тоқаев: ҰҚШҰ бітімгерлік күштері 10 күн ішінде шығарылады
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы екі күннен кейін ҰҚШҰ күштері шығарыла бастайтынын мәлімдеді. Олар он күн ішінде Қазақстаннан толық кетпек деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ҰҚШҰ қатысты түрлі қауесет пен сыбыстардың алдын алу керкк. Бұл ұйым ұжымдық қауіпсіздік мәселесімен айналысады. Қазақстан оның толыққанды құрылтайшыларының бірі. Бітімгершілік контингенгент Қазақстанға уақытша ғана келді. Оларға жүктелген міндетті нақты айқындалған. Олар тек инфрақұрылымдық нысандарды қорғайды. Лаңкестерге қарсы операцияларды толығымен Қазақстанның күштік құрылымдары жүзеге асыруда. Солардың арқасында біздің елде төңркеріске жол берілген жоқ», – деді ҚР Президенті.

Еске сала кетсек, бүгін Мәжілісте жаңа Үкімет басшысы болып Әлихан Смайылов бекітіліп, Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жағдайға байланысты сөз сөйлеуде.