×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Бағдат Мусин орнында қалды

11.01.2022, 16:40
Бағдат Мусин орнында қалды
Фото: ашық дереккөзден

Кейінгі кезде ресейлік «Сбер» компаниясының отандық электронды платформаны дамытуға тарту жөнінде сынға іліккен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жаңа Үкімет қатарында орнында қалатын болды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сүлеймен Демирел атындағы университет «Компьютердің техникалық және бағдарламалық жасақтамасы» және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген оны қайтадан бекітуге Мәжіліс депутаттары келісімін берді.
 
Еске сала кетсек, Бағдат Мусин Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі бола жүріп көзге түсіп, 2020 жылы министр қызметіне тағайындалды. Міне содан бері негізінен цифрландыру саласына жетекшілік етіп келеді.